Майдангерлер мерейін өсірді

Елбасына күн туғанда елінің азаттығы үшін етігімен қан кешкен отандастарымыз 1945 жылдың 9 мамырында жеңіске жетті.

        Фашистік Германиямен болған Ұлы Отан соғысында біздің ата-бабаларымыз қан майданда қаза тапты. Елге оралғандардың өзі төрт мүшесі сау емес,  жаралы  болды.  Міне бүгінгі таңда оқ пен оттың ортасында жүріп соғысқан ардагерлер қатары азайып барады. Ауданымызда қазірдің өзінде 3 соғыс ардагері бар. Олар Ынталы ауылында тұратын 95 жастағы соғыс және еңбек ардагері Ыдырыс Бурабеков пен Көктал ауылының тұрғыны 93 жастағы Сембек Қожахметов және Үлкеншыған ауылында тұратын Яқуп  Данахунов  ақсақалдар.

       Жеңіс мерекесі қарсаңында аудан әкімі Темірлан Бектасов бастаған бір топ зиялы қауым  ардагерлердің үйлеріне барып мерекелерімен құттықтады.     Ескерткіш сыйлықтар мен аудан әкімінің  «Құттықтау  хатын» табыстады.

        Ардагерлерді     құрметтегендердің ішінде  аудан  әкімі Т.Бектасовпен бірге орынбасары Ш.Құрбанов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмайлов, аудандық мәслихаттың депутаты А.Тараншиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Н.Рахымбаев болды.

       Олар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ұзақ өмір, зор денсаулық тілеп,  ізгі ниеттерін білдірді.

           Жұмағазы    Нұрақынұлы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840474