Үздіктер анықталды
- Толығырақ
- Жарияланды 18.05.2018 04:58
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1922
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі мен А.Луначарский атындағы мектеп-гимназиясы «Знание» ата-аналарының қоғамдық бірлестігі әр саладан арнайы құрылған комиссиямен Панфилов ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық 1-кезеңін екі турда өткізді.
Ұлттық конкурстың мақсаты: адамгершілік құндылықтарды және неке мен отбасының жағымды образын қалыптастыру, отбасы мәртебесін көтеру болып табылады. Осы мақсатта аудандық «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысқан алты отбасыларынан Ж.Еркінбековтердің, Қ.Ыбраиымжановтардың, С.Бейсенбековтердің, Ә.Асқаровтардың ата-аналары, балалары үлгі тұтарлықтай жетістіктерімен, рухани адамгершілік құндылықтарын көрсете отырып, аудандық кезеңнің І-ІІ турынан өтіп, дауыс беру арқылы үздік отбасы атағына ие болды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов жақындарына жанашырлық жасаумен бірге өзгелерге көмегін аямайтын, әркім өзінің сүйікті ісімен айналысатын, ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып жалғасқан бірлік пен келісім құндылықтарын сақтаған, еліміздің келешек ұрпағын өсіріп отырған жеңімпаз болған әр отбасын құттықтап, амандық пен береке-байлық тілеп, бағалы сыйлықтар табыстады.
Шара соңында комиссия мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Рахымбаев Ұлттық конкурсқа қатысқан отбасыларына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Г.Мұқатай,
аудандық ішкі саясат
бөлімінің бас маманы.