Жеңіс даңқы өшпейді
- Толығырақ
- Жарияланды 18.05.2018 05:28
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1930
Ауданымыздың барлық округтерінде Жеңіс күнінде мерекелік шаралар өткізілді. Бұл күні қаладағы орталық алаңда да халық көп жиналды. Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгер жерлестерімізге орнатылған ескерткішке аудан әкімі Т. Бектасов пен аудандық мәслихат хатшысы Е. Шоқпаров бастаған зиялы қауым гүл шоқтарын қойды.
Сахнаға шығып сөз алған аудан әкімі Темірлан Амангелдіұлы Бектасов барша көпшілікті Жеңіс мерекесімен құттықтады. Отан соғысы жылдары майдандағы ерлігі үшін ауданымыз бойынша 8 адам Кеңестер Одағының батыры атағын алғандығын, сондай-ақ тыл еңбеккерлерінің қажырлылығына тоқталды.
Салтанатты шара барысында ардагерлер атынан С. Үшбаев, аудандық қорғаныс істер бөлімі басшысының орынбасары Ерғанат Бегімбеков, Жаркент гарнизонының басшысы Сәкен Сәрсенов сөз алып, барша көпшілікті мерекелерімен құттықтады. Бұдан соң аудан әкімі Т.Бектасов бір топ ауған соғысы ардагерлерін жауынгерлік төс белгілерімен марапаттады.
Шара барысында №2091 әскери бөлім сарбаздары әскери жаттығулар бойынша өнер көрсетті. Сондай-ақ аудан көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламалары тамашаланып мерекелік шара думанды өтті.
Биылғы 9 мамыр мерекесінде Б. Назым атындағы орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен түрлі тарихи көріністер көрсетіліп, патриоттық әндер орындалды.
Салтанатты шараға көпшілікпен бірге еңбек және тыл ардагерлері де қатысты.
.Б. Жұмағазы.