Еңбек тәртібі сақталу керек
- Толығырақ
- Жарияланды 06.06.2018 05:56
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1917
«Қожбанбет би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ комитетінің мүшелерімен «Еңбек тәртібін сақтау, кәсіподақ мүшелерінің құқықтарының қорғалуы» тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті.
Шара барысында еңбек тәртібін сақтау, кәсіподақ мүшелерінің құқықтарының қорғалуы, кәсіподақтың міндеттері талқыланды. Тақырып бойынша бастауыш кәісподақ ұйымының төрағасы Оспанов Аманай, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ибраимова Дана, Абилдаева Бибігүл баяндамаларын оқыды.
Дөңгелек үстелді Білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков және мектеп директоры Жұмагүл Досмаилова талқыланған сұрақтар туралы өз ой-пікірлерін айтып, қорытындылады.
(Өз тілшіміз)