Болашақ бүгіннен басталады

       Жыл  сайын  ауданымызда мектепті «Алтын белгімен» және үздік аттестатпен  бітірген  түлектерге арналған салтанатты  шара өтетіні баршаға  аян. Биыл да маусым айының 13-і күні аудан орталығындағы алаңда  аталмыш  шара  салтанатты түрде өтті. Оған мектепті «Алтын белгімен»  бітірген 55 түлек және үздік аттестат алған 71 түлек ата-аналарымен қатысты.

       Мектеп   бітірушілердің  мерекелік  шарасына  ардагерлер мен қала тұрғындары да  қатысты.  «Сәт сапар жас түлек-2018»  атты   жиында аудан әкімі Темірлан   Бектасов  сөз алып, түлектерді  құттықтады.              

         Мектеп  бітірген білімді жастардың болашақта жоғары білім алып, ел игілігі үшін еңбек ететін Отанымыздың  нағыз патриоттары болатынына сенім білдірді.  Жас  түлектерге  ізгі  тілегін  білдірген  аудан әкімі Т.Бектасов «Алтын белгі»  мен  үздік  аттестат  иелерін  марапаттады. 

         Жиын  барысында ата-аналар атынан Жанар Байлау, мектеп бітірушілер атынан  Шұғыла Сарпекова сөз алып, түлектерге сәттілік тіледі.

                            Б.Жұмағазы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4124955