Ұлттық құндылығымыз ұлықтаған күн
- Толығырақ
- Жарияланды 09.07.2018 05:36
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1762
Биылғы жылы алғаш рет аталып өткен «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай ауданымызда дүниеге келген сәбиге Сайран Мариям Абзалқызына аудан әкімінің орынбасары Р.Мағрупова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов және облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Р.Айсаев, аудандық келісім кеңесінің төрағасы С.Жұмаділов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы С.Темірбаева перзентханаға барып, қазақтың қасиетті домбырасы мен аудан әкімі Т.Бектасовтың «Алғыс хатын» табыс етті.
Сондай-ақ мереке қарсаңында дүниеге келген сәбиге Құрманғазы атасындай дәулескер күйші болуына тілек білдірді.
аудандық
баспасөз қызметі.