Құрылыс қарқын алып келеді

       Үлкеншыған ауылындағы 300 орынды орта мектепке қосымша тағы 300 орынды мектеп құрылысы жалғастырылып салынуда.Құрылыс жұмысы 2017 жылдың тамыз айында басталған  болатын. Бүгінгі таңда құрылыс алаңында 103 адам жұмыс жасауда. Мектеп құрылысын 2018 жылдың тамыз айында аяқтауды көздеген болатын. Қарқын алған құрылыс жұмысын «Болашақ-МА» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүргізуде.

       Жалпы құны 958 миллион 422 мың теңге тұратын құрылыс жұмысын сапалы  аяқтау үшін құрылысшылар қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануда.

        Қосымша салынып жатқан мектеп құрылысында спорт зал, асхана, тағы басқа кабинеттер бүгінгі заман талабына сай жасалынбақ. Онда     3 корпус  2 қабат, бір корпус 3 қабаттан тұрады.

                 Ж.БЕЙСЕБЕК

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4124815