ӘЛИХАННЫҢ ШЫҒАР БИІГІ АЛДА

        Ауданымыздың тағы бір жеткіншегі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының чемпионы атанды.

         Грек-Рим күресі  бойынша Иранда өткен жарысқа қатысқан жерлес  балуанымыз Әлихан Далабай өз салмақ дәрежесі бойынша чемпиондыққа қол жеткізді. Ауданымыздағы  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі көкталдық Әлиханның жаттықтырушысы ауданымызға белгілі бапкер Іленұр Барманбеков еді. Көктал орта мектебінде оқып жүріп, жаттығу  жұмыстарына белсене қатысқан жас балуан Азия ойындарының чемпионы атанды.

       Еліміздің  намысын қорғаған жас спортшы Қазақстанның көк Туын  желбіретіп туған жеріне үлкен қуанышпен оралды.

        Әлиханды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов,  аудандық  спорт бөлімінің басшысы Е.Қонашев пен Жаркент қаласының әкімі Т.Нұрмолдаев, бастаған спорт сүйер қауым Көктал  ауылының оңтүстік  батысындағы «Бәйтерек»  дәмханасының қасында  салтанатты түрде күтіп алды. Иран елінде өткен  жарыста  чемпион  атанған алтын медаль иегері Әлихан Далабайды көпшілік зор қуанышпен қарсы алды. Өңірімізге  белгілі суырып салма ақын  Тоқан Шәбеков жырдан  шашу шашты. Қала әкімі Т.Нұрмолдаев  сөз алып жас балуанды құттықтап, биіктерден  көріне беруіне тілектес екенін айтты. Бапкері І.Барманбековтің  иығына шапан жапты. Естелік  сыйлықтар табыс етілді.

        Ауыл ақсақалы Сағи Қосбағаров бата беріп  шағын дастарқаннан дәм тату рәсімі болды.

Б. Жұмағазы.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840014