Ел дамуының алтын арқауы
- Толығырақ
- Жарияланды 29.08.2018 11:21
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1754
Ардақты ағайын! Құрметті жерлестер! Міне, биыл Тәуелсіздігіміздің тірегі - Ата Заңымыздың қабылданып, жұмыс істей бастағанына 23 жыл толып отыр.
Егеменді еліміздің Ата Заңы елімізде болып жатқан өзгерістердің негізіне айналды. Республикада тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың болашаққа деген үмітін арттырады.
Аумағында 47 ұлттың өкілі тұратын жазиралы Жаркент өңірінің тұрғындары саяси мәні зор Конституцияны жыл сайын қуанышпен қарсы алуды әдетке айналдырған. Негізі Ата Заңын қолдап, қуаттау арқылы облысымыздың оның ішінде, ауданымыздың экономикалық және мәдени дамуын қалыптастыруда, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды тереңдетуде аудан тұрғындары айтарлықтай ігі істерге қол жеткізіп келеді.
Құрметті аудан тұрғындары, Сіздерді Конституция күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, өзара түсіністік пен келісімділік және Қазақстанның гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін.