Бірлік түбі-береке
- Толығырақ
- Жарияланды 29.08.2018 11:24
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1775
Егемен еліміздің мемлекеттілігін, Тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден-бір құжат – бұл Конституция.
Ата Заңымыздың алдында бәріміз де бірдей жауапты, бәріміз де бірдей міндеттіміз.
1995 жылы 30 тамызда республикамызды мекендеген барша ұлт пен ұлыстың атсалысуымен еліміздің құжаты Республикалық референдумда қабылданған Ата Заңымызға 22 жыл толып отыр. Ата Заң бойынша Қазақстан Республикасының әрбір азаматы білім алуға, денсаулығын сақтауға, еңбек етуге, еркін жүріп- тұруға құқықтары бар. Ал, шетелдерде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарының құқығы Заңмен қорғалады.
Конституцияның тұрақтылығы мемлекетіміздің, қоғамымыздың ережелерін орындай білу, оны құрметтеу, Қазақстан Республикасы Заңдарын сақтау - Қазақстан Республикасы азаматтарының басты міндеті болып табылады.
Біздің Ата Заңымыздың арқауы – Қазақстан халықтарының бірлігі мен тұтастығы, өзара ынтымақ-достық қатынастары. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтай отырып, алдыңғы қатарлы озық дамыған елдердің қатарынан көріну.
Құралай Байоразова,
аудандық соттың судьясы.