Ақкенттің аяулы азаматтары

Ақкент ауылы өңірімізге белгілі тарихи мекен. Ежелгі  Жібек жолының бойына  орналасқан бұл ауылда этнограф-саяхатшы, ғалым Шоқан Уәлиханов болғаны  баршаға аян. Кеңестер одағы кезінде Ақкент ауылының тұрғындарын көшіріп, орнына қой бордақылайтын комплекс салынған еді.

      Туған ауылын тастап кетуге қимаған азаматтар күре жолдың оңтүстігіне  қоныстанған  болатын.

      Жыл өткен сайын ауылдың аумағы кеңейіп, ауыз су мәселесі де түбегейлі шешілді. Электр жарығын беретін жүйелер орнатылып, шағын кәсіпкерлікпен шұғылданушылар көбейіп келеді.             

      Міне, солардың бірі Қуаныш Аязбеков. Ауылда автокөлік дөңгелектерін жөндейтін арнайы орын ашып, өз кәсібін дөңгелеткен Қуаныш қаланың шығыс жағында ашылған жаңа базардың қасынан автокөлік жуатын кәсібін де жалғастыруда. Онда  жұмыс жүйесі жартылай автоматтандырылған. Атап айтқанда 200 теңгені автоматқа салсаңыз тез арада көлігіңізді жуып аласыз. Егер үлгіре алмасаңыз тағы да ақша салуға болады. Бұл жұмыс тәсілі өзге  көлік   жуатын орындарда қазірше жоқ деп  айтуға  болады.

      Кәсіпкерлігіне осындай жаңалықтар енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыруды  мақсат еткен Қ.Аязбеков өзі туып-өскен ауылының көркеюіне де өзіндік үлесін қосып  келеді.  Жуырда Ақкент ауылына кіре  берісте биік арка орнатып, ауылдың үлкендеріне ас  берді. Өз қаржысына жасаған бұл еңбегі ауыл көркін арттырып, алыстан  менмұндалап тұрғандай.

     Өз ауылына естелік ретінде орнатқан бұл арканы досы  Аби Серікбай  екеуі   жасаған   болатын. Онда «AQKENT AYYLY» деп жазылған.

    Ас берілген күні арка алдында арнайы лента қиылып, шашу шашылды. Ауыл  ақсақалдары Қуаныш пен  Абиге деген жылы лебіздерін айтып, еңбектерінің жемісті болуына тілектес екендіктерін  білдірді.

Өз  тілшіміз.

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839995