«Шаңырақ» байқауының үздіктері анықталды

Қазақстан халқы Ассамблеясы бұқаралық ақпарат құралдары арасында  «Шаңырақ» байқауын дәстүрлі түрде өткізіп отырады.

    Байқаудың басты мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбындағы материалдарды жазып  жүрген  журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына жәрдемдесу және татулық пен бірлік тақырыбында қалам тербеп жүрген үздік журналистерді марапаттау болып табылады.

   Биылғы жылы да Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер клубының Алматы облыстық «Шаңырақ» байқауы өтті. Байқау күні кеше өз мәресіне жетіп, бұқаралық ақпарат құралдарында тың тақырыптарды көтеріп жүрген үздік журналистердің есімдері жарияланды. Байқаудың қорытындысы бойынша үздік деп танылған журналистер қатарында аудандық «Жаркент өңірі» қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газетінің директор-бас редакторы Бағдат БЕЙСЕНҚЫЗЫНЫҢ есімі барын атап өткен орынды.  

    Бағдат Бейсенқызы «Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған материал» номинациясы бойынша қатысқаны үшін марапатталып, Алматы облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаевтың             «Алғыс хатына» ие болды.

Мерейлі  марапатыңыз

 құтты  болсын!

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840153