Өңір тынысы

Олжас Бектенов Жетісу облысының ауыл шаруашылығы саласы мен өнеркәсіптік әлеуетінің дамуын тексерді

2024-08-20

Жетісу облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов өңірдің бірқатар кәсіпорнына барып, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларының іске асырылуын тексерді. Толығырақ: Олжас Бектенов Жетісу облысының ауыл шаруашылығы саласы мен өнеркәсіптік әлеуетінің дамуын тексерді

Жетісу оқушыларына "Мектепке жол" акциясы аясында 80млн теңгеге жуық көмек көрсетілді

2024-08-19

 
2024 жылғы 1  тамыздан 30 қыркүйекке дейін аз қамтылған, көп балалы, жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету мақсатында оқу жылының басына дайындық кезеңінде «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі. Толығырақ: Жетісу оқушыларына "Мектепке жол" акциясы аясында 80млн теңгеге жуық көмек көрсетілді

Жетісуда тағы екі спорт нысаны іске қосылды

2024-08-19

Жетісу облысында бұқаралық спортты дамытуға, соның ішінде шалғай аудандар мен ауылдарда ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі кезде елді мекендерде 6 дене шынықтыру-сауықтықтыру кешені болса, бүгін Спорт күні қарсаңында осындай тағы бір жаңа кешен 31 мыңнан астам халқы бар Текелі қаласында салтанатты түрде ашылды. Сол сияқты Қаратал ауданы Тастөбе ауылында блокты-модульді спорт кешені іске қосылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Толығырақ: Жетісуда тағы екі спорт нысаны іске қосылды

Бейбіт Исабаев текеліліктерге шешуші инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы туралы айтып берді

2024-08-19

Текелі қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен және көгілдір отынмен қамтамасыз ету, апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің көп жылдан бері қордаланған мәселелері осы күзде түпкілікті шешімін табады. Бұл туралы бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Текеліге барған жұмыс сапарында қала тұрғындарына айтып берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Толығырақ: Бейбіт Исабаев текеліліктерге шешуші инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы туралы айтып берді

Өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

2024-08-15

15 тамыздан 1 қазанға дейін тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өтеді. Онда департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы орган, полиция қызметкерлері, еріктілер және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, бірінші кезектегі халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасылары профилактикалық іс-шаралармен қамтылатын болады. Толығырақ: Өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840856