Өңір тынысы

НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

2023-03.31


Күн мен түн теңеліп, Самарқанның көк тасын еріткен, дүрия дүние жаңғырып, барша тіршілік атаулы үшін жаңа өмірдің басталғанын айғақтайтын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз дүйім шығыс халқының кие тұтар ең ұлық мейрамы, жалпыхалықтық мереке.

Толығырақ: НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

Ескелді ауданын газдандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде

2023-04-05


Ескелді ауданын газдандыру жұмыстары барынша жүргізілуде. Өткен жылдың соңында 4 елді мекеннің 2115 абоненті газға қосылса, биылғы жылдың соңына дейін  6500-ден  астам абонент көгілдір отынға қосылмақ. Осы салада жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Ескелді ауданының әкімі Елдос Ахметов Өңірлік коммуникациялар  алаңында айтты.

Толығырақ: Ескелді ауданын газдандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде

25 сәуір күні Жетісу облысында ведомствоаралық «Бекет» әскери оқу-жаттығуының белсенді кезеңі өтеді

2023-04-04


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күш¬тік құрылым-дарды тиімді үйлес¬тіруді қамтамасыз ету, олар¬¬дың жедел және әскери-тех-ни¬калық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлесімділікті нығайту жө¬ніндегі тапсырмаларын орындау аясында елімізде «Батыл Тойтарыс - 2023» оқу-жаттығуы өтеді.

5 сәуірде Жетісу облысында "Көктал" оқу полигонында "Батыл Тойтарыс" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының бірінші кезеңі шеңберінде ведомствоаралық "Бекет" оқу-жаттығуы және ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерімен тактикалық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтеді.

Оқу-жаттығу барысында Десанттық-шабуылдау әскерлері, ҰҚК Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Ұлттық ұланның бөлімшелерімен бірлесе отырып таулы жағдайларда және елдімекенде ұрыс жүргізу іс-қимылдарын пысықтап, әр түрлі әдіспен десанттауды орындайды.

Қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, түрлі ведомстволық топтарды қолдануды ұйымдастыруда жаңа тәсілдер сынақтан өткізілетін болады.

Оқу-жаттығуға 2500-ден астам әскери қызметші және 900-ге жуық қару мен әскери техника бірлігі, соның ішінде армиялық, әскери-көліктік, майдан авиациясы және ұшқышсыз ұшу апараттары қатысады.

Толығырақ: 25 сәуір күні Жетісу облысында ведомствоаралық «Бекет» әскери оқу-жаттығуының белсенді кезеңі өтеді

Жетісу облысында балаларды 1-ші сыныпқа қабылдау басталды

2023-04-05


Балаларды бірінші сыныпқа тіркеу 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Өтінімді egov.kz порталы арқылы онлайн беруге болады. Ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз түрінде де өткізуге рұқсат  беріледі.

Толығырақ: Жетісу облысында балаларды 1-ші сыныпқа қабылдау басталды

Межведомственные военные учения «Бекет» - в области Жетісу пройдет активная фаза

2023-04-04


В рамках выполнения поручений Президента страны Касым-Жомарта Токаева по обеспечению эффективной координации между силовыми структурами, налаживанию их оперативной и военно-технической совместимости, а также усилению межведомственной координации, в стране пройдет учение «Батыл Тойтарыс – 2023».

Толығырақ: Межведомственные военные учения «Бекет» - в области Жетісу пройдет активная фаза

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4138315