Өңір тынысы

Сенімді өкілдер Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды

2022-11-16


                    Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Панфилов аудандық қоғамдық штабының мүшелері ауданның жас спортшыларымен кездесті. Жиын барысында облыстық қоғамдық штаб мүшелері Төлебай Бәкенұлы, Ризван Абдуликимқызы және аудандық қоғамдық штаб төрағасы Ерлан Өмірғалиұлы мен штаб мүшесі Қуат Мәметайұлы сөз сөйледі.

Толығырақ: Сенімді өкілдер Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды

20 қараша күні өтетін Президент сайлауынан шет қаламаңыз

2022-11-16


            Бұл күн еліміз үшін маңызды дата. Дәл осы күні  еліміздің болашағы айқындалып басшымызды сайлап, бір ауыздан атсалысуымыз қажет. Осындай маңызды күні  Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құруға әр азамат маңызды рөл атқарады.  Сондықтан да, әрбіріміз белсенді болып, тарихи күні  өз дауысымызды беріп, бірлігімізді көрсетейік ағайын.

Сымбат ӘБДІРЕШ,

аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі

 

 

Жаңа Қазақстанмен біргемін!

2022-11-16


           Президент сайлауы – мемлекеттің тәуел­сіздігі секілді аса маңызды шара. Еліміздің  қарыштап дамуы да, еңсесі биік мемлекеттермен терезесі  тең болуы үшін   басшысының мықты да әділ болуы маңызды деп ойлаймын.

        Бұл сайлау Жаңа Қазақстанда жаңа бастамаларға бастап, елдің басын біріктіретін сайлау болады деген деген сенімдемін. Сондықтан да, өзгерісті мемлекеттен күтпей,  әр азаматт өзінен бастау керек.

         Сонымен қатар, әрбір азамат еліміздің бірлігі мен  тұтастығын сақтау жолында, отбасымен сайлауға міндетті  түрде қатысып, өз таңдауларын жасап, өзгерістерге  үлес қосады деген сенімдемін.

#сайлау2022

Азат ЖАҚЫБАЙ,

 аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

 

 

Сіздің дауысыңыз маңызды!

2022-11-16


         Әділ және ашық сайлау- жетілген және саналы қоғамның ажырамас элементі. Сайлауға қатысыңыздар! Әркімнің дауысы маңызды!  Жаңа Қазақстанды жасауға және мемлекеттің дамуына сізде үлесіңізді аянбаңыз.Еліміздің дамуы көк тудың көк аспанда желбіреуі үшін өз дауысыңызды беруге атсалысыңыз.

Ілияс АСАНБАЕВ,  

аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

Еліміздің болашағы үшін дауыс беремін!

2022-11-16


              Келешегімізді келісті болуы үшін 20 қараша  күні  Қазақстан Республикасы  Президентін  сайлауында өз сайлау  учаскелеріңізге келіп, еліміздің болашағы үшін  өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.

            Сайлау заңнамаға сәйкес  ашық, әділ өтетініне сенімдімін. Бұл сайлау әрбір  қазақстандыққа  үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш жүктейді. Президент сайлауы  елдің  болашағы. Ал ел болашағы  тұлғаның қолында,  тұлғаның болашағы – елдің жолында. Сондықтан да, бір қолдан жең, бір жағадан  бас шығарып, бір кісідей атсалысайық!

 Айдар ИСАЕВ,

аудандық ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы

 

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4854368