Өңір тынысы

Құрылыс алаңдарында болды

Депутат және өмір

                Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шәкір Хахазов ауданымызға келген болатын. Шілде айының 17-і күні халық қалаулысы аудан әкімі Темірлан Бектасовпен кездесіп,   іссапармен келгендегі жұмыс        жоспарымен таныстырды.

Толығырақ: Құрылыс алаңдарында болды

Құрылыс қарқын алып келеді

       Үлкеншыған ауылындағы 300 орынды орта мектепке қосымша тағы 300 орынды мектеп құрылысы жалғастырылып салынуда.Құрылыс жұмысы 2017 жылдың тамыз айында басталған  болатын. Бүгінгі таңда құрылыс алаңында 103 адам жұмыс жасауда. Мектеп құрылысын 2018 жылдың тамыз айында аяқтауды көздеген болатын. Қарқын алған құрылыс жұмысын «Болашақ-МА» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүргізуде.

Толығырақ: Құрылыс қарқын алып келеді

Ақпараттар айдынындағы – «Жаркент өңірі»

 1921 жылғы 1 маусымда алғашқы нөмірі жарық көрген «Кембағалдар авази» (Кедейлер үні) газетінің тұңғыш шығарылымына ұйғыр халқының көрнекті перзенті Абдолла Розыбакиев қол қойған еді. Содан бері сан аунаған тарихтың дөңгелегімен бірге тербетілген басылым әр жылдары «Колхозчилар авази» («Голос колхозника»), «Соцалисттік жол», «Еңбек туы», «Ұшқын» («Искра»), «Жаңалық жаршысы», «Октябрь нұры» атауларымен жарық көріп, көпшіліктің қолына қолжетімді таралыммен жетіп отырды.

Толығырақ: Ақпараттар айдынындағы – «Жаркент өңірі»

Ұлттық құндылығымыз ұлықтаған күн

 

Биылғы жылы алғаш рет аталып өткен «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне  орай   ауданымызда  дүниеге  келген  сәбиге   Сайран  Мариям  Абзалқызына  аудан   әкімінің орынбасары Р.Мағрупова,  аудандық  ішкі   саясат бөлімінің  басшысы М.Илипов және облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Р.Айсаев,  аудандық  келісім  кеңесінің төрағасы С.Жұмаділов,  аудандық аналар  кеңесінің  төрайымы  С.Темірбаева перзентханаға  барып,  қазақтың  қасиетті домбырасы мен аудан  әкімі  Т.Бектасовтың  «Алғыс хатын»  табыс  етті.

Толығырақ: Ұлттық құндылығымыз ұлықтаған күн

ҰБТ өтті, нәтижесі қандай?

      Әр жыл сайын мектеп мұғалімдері де, мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары үшін де бас қатыратын бір-ақ  мәселе бар. Ол, әрине, Ұлттық Бірыңғай Тестілеу.  Елімізде мектеп түлектерінің жоғары оқу орнына түсу емтиханы-Ұлттық Бірыңғай Тест (ҰБТ) тапсыруы  20 маусымнан  басталды.

Толығырақ: ҰБТ өтті, нәтижесі қандай?

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4179751