ӨЗГЕ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТКЕНДЕР...

14.03.2019ж

Дін тағдыры – ел тағдыры. Осы ойдың астарында қаншама мән-мағына жатыр десеңізші. Барша жұрт сүйсініп қарайтын таза әрі әділ, тәрбиесі мол ислам атты   дініміздің   тазалығы  мен  телегей  тәрбиесі  бұрмаланып, жастардың   санасын  улап  бара  жатқандай.

Шариғаттың адал жолын улаған сол бір мұсылмандыққа қатысы жоқ, теріс ағымдар халқымызды Алланың адал жолынан таюға мәжбүрлеп жатыр. Бұл жалпы, біздің елімізде ғана емес, әлем елдері үшін де өткір тақырыпқа айналып отырғандығы шындық.

     Біз өзімізді зайырлы, еркін мемлекет деп жариялаған тұста, дін тақырыбына да еркіндік берілген болатын. Мұны жат ағымдар өз пайдасына пайдаланып, олардың еркін насихат жүргізуіне барынша жағдай жасамақ. Оның нәтижесі бүгінгі қоғам өміріне кері әсер етуде.

      Соңғы жылдары елімізде түрлі сипатты көздейтін жат ағымдардың алуан түрлері шығып, талай азаматтарымызды өз арбауына түсіруде. Жат ағым жетегіне ілесіп, өмірін өксіткендер өз қателіктерін тым кеш түсінетіндіктері өкінішті-ақ. Өзге ағымға ілесіп тек өз өмірлерін ғана емес, сонымен қатар жанындағы жақындарында адастырып, сан-сарсаңға салғандар да қаншама. Бұл көрініс біріміздің туысымыздың, біріміздің досымыздың енді біріміздің таныстарымыздың өмірінде белең алып келеді. Олар көп жағдайда өздеріне қатысты тексерістердің болмауын алға тарта отырып, көптеген отандастарымызды өз Отаны мен қоғамға, отбасына қарсы қоюда. Сонымен қатар, кейбір жат ағым ұстанушылары өздеріне өзге адамның қанын құюға түбегейлі қарсы тұрады. Мәселен, түрлі апаттар немесе қатерлі ауруларға шалдыққан кезде де қан құюдан бас тартады.

     Қазіргі таңда Алматы облысында да өзге ағымға кіргендер саны жылдан-жылға көбеюде. Жоғарыда атап өткен қан алмастыру дерегі бойынша Іле ауданында бір оқиға тіркелген. Науқас қан аздық дертіне шалдығып, ауыр жағдайда ауруханаға түскен кезінде қан құюдан бас тартып, бұл ісіне жауап беруден бас тартқаны туралы мәлімет отандық ақпараттық арналардың бірінде берілген болатын. Біреуге күйе жағып, кінәлаудан аулақпыз. Дегенмен, әрекетінің себебін айтпауы талайлардың көңіліне күдік ұялатқаны шындық.

     Біздің ауданымызда да жат ағым жетегіне кәріні де, жасты да іліндіріп, соңдарынан ілестіруде. Өңіріміздің инспектор (теолог) мамандарының айтуынша белден ұстап, белшесіне батыратын теріс ағымдарға ерген азаматтар қатары көп... Түрлі себеп айтып, өз жоспарын орындауға тырысып, өміріңізге билік жүргізгісі келетіндерден аулақ болғайсыздар... Әркімнің өз өмірі өз қолында екендігін ұмытпайық.

Ақмарал ХАМЕТЖАНОВА

 

 

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4128109