СУИЦИДТІҢ ӨРШУІ – ҚОҒАМҒА КЕЛГЕН ҚАТЕР

22.03.2019Ж

Еліміз суицидтің саны жағынан үшінші орын алады екен. Әсіресе, бұл кесел жастар арасында кең тарап, өзін-өзі өлтіру деректері бойынша басқа елдермен салыстырмалы түрде алғанда үш есе көп. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерінен алынған мәлімет. Яғни, суицидтің алдын алу кезек   күттірмейтін   мәселе   саналады.

 

            Жуырда аудандық әкімдікте Алматы облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2-полиция батальонының 1,7,8-взвод жеке құрамының қызметкерлерінің қатысуымен өзін-өзі өлтірудің алдын алу мақсатында «Өмір неткен тамаша» атты дөңгелек үстел болып өтті. Сондай-ақ, қызметкерлерді экстремалды жағдайларға кәсіби-психологиялық дайындау мақсатында «IIO қызметіндегі профайлин» атты семинар сабақ та өткізілді. Аталған басқосудың басты мақсаты – қазіргі қоғамда белең алып отырған суицид мәселесімен бірге күресу.

            Дөңгелек үстелге Алматы облысы МКҚБ ММ бастығының орынбасары, полиция майоры Дидар Аубакиров және Алматы облысы МКҚБ ММ 1-полиция батальонының аға инспектор психологы, полиция аға лейтенанты Динара Мамырова, Алматы облысы МКҚБ ММ 2-полиция батальон командирінің орынбасары, полиция подполковнигі Ерлан Рақымжанов, 2-полиция батальонының (Жаркент қаласы) 7-взводының командирі, полиция капитаны Қасым Нүсіпжанов, Жаркент қаласының орталық мешітінің бас имамының орынбасары Ұлан Сарпеков, аудандық орталық аурухананың психологы Құралай Қожабаева, Алматы облысы Дін істері басқармасының Панфилов аудандық инспекторы Күмісбек Нұракишов қатысты.

            Алматы облысы МКҚБ ММ бастығының орынбасары, полиция майоры Дидар Ахатұлы  өзін өзі өлтіру жағдайлары республика көлемінде өзекті мәселеге айналып отырғандығын айтып, ішкі істері органдары қызметкерлері арасында суицидтің алдын алу бойынша аудан көлемінде түзету, реабилитациялық іс-шаралар мен психологиялық бақылау жұмыстарының кешенді жүргізілуі қажет екендігін міндеттеді.

            Дөңгелек үстелге қатысқан психолог мамандар заман кеселі саналатын өзін өзі өлтіру бойынша арнайы ақпараттармен бөлісіп, түрлі практикалық мысалдар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жоғарыда аталған тақырып бойынша жеке құрам назарына көрнекілік бейнероликтер ұсынылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында көңіл күйді көтеруге және түрлі жағдайлардағы күйзелістердің алдын алу, психоэмоционалдық статусын көтеру мақсатында ойын-жаттығулар жүргізілді. Шара барысында әр адамның айналасында орын алып жатқан суицидтік фактілердің алдын алуға бағытталған түрлі мүмкіндіктер мысал ретінде айтылып, суицидтік әрекет көрініс берген ортаға алғашқы көмек көрсету, мұндай әрекет жасауға бейім тұлғаларды сырт келбеті мен мінез-құлқы арқылы ажырату жолдары туралы толымды ақпараттар берілді.

            Ал, Жаркент қаласының орталық мешітінің бас имамының орынбасары Ұлан Сарпеков пен аудандық инспектор (теолог) мамандар ислам дінінде өзін өзі өлтірудің қаншалықты күнә екендігін және осы мақсатта орын алған көріністерге шариғат бойынша қатаң тиым салынатындығын нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіріп, жиналған қауымды мұндай теріс қылықтан аулақ болуға шақырды.

Ақмарал   ХАМЕТЖАНОВА.

Күнтізбе

« Мамыр 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net