Мешіт ауласындағы мереке
- Толығырақ
- Жарияланды 29.03.2019 08:43
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 1579
22.03.2019Ж
Өткен аптаның қасиетті жұма күні қарсаңында Жаркент қаласындағы «Мұқаш Кеңесбай» мешітінде қазақтың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесі аталып өтті.
Осы аталмыш мешіттің бас имамы Нұрғали Құрманбаевтың ұйымдастыруымен өткен «Нұрлы көктем» атты бұл шарада мешіт жамағаты ең алдымен жұма намаздарын оқып, соңынан арнайы мерекелік спорттық шараларға шақырылды.
Іс-шара шымылдығын ауданның бас имамы Серік Шәріп ашып, құттықтау сөз сөйлеп, қарияларымыздан бата сұрады. Шараға қатысушы барлық спортшыларға сәттілік тілеп, осы мешітке ылғи көмек қолын созып жүретін азаматтарға аудандық орталық мешіті атынан «Алғыс хаттар» табыс етілді. Спорттық шарада қазақша күрестен, гір тасын көтеруден және арқан тартудан сайыстар өткізілді. Спорт сүйер қауым осы жарыстарға бел шеше қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Шара барысында белсенділік танытқан спортшылар ішінде жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар белгіленді. Сайыс соңынан мешіт жамағаты арнайы тігілген қазақ үйіндегі кең дастарқан мәзірінен дәм татып қайтты.
Мәулен Керімбеков.