Он екі айдың сұлтаны
- Толығырақ
- Жарияланды 08.05.2019 05:22
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 1704
06.05.2019ж
Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Бұл айда мұсылман пенденің жүрегіне иман нұры құйылады. Өйткені, ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді.Бұл айда орындалатын ең басты діни амал ауыз бекіту – ораза боп саналады.
Пайғамбарымыз(с.ғ.с) былай деген:«Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі»-деген. Сондықтан күнәлар кешірілетін ай. Бұл - Жаратушы Иеміздің бізге берген ұлы сыйы әрі нығметі.
Ауыз бекітушіге берілетін сый мен сауап, құрмет пен марапат пайғамбарлар мен періштелерге де белгісіз, құпия-сыр. Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін...», – деп, оразаның қадірі мен қасиетін, мәні мен маңызын баяндаған.
Рамазан – Алла Тағала тарапынан бүкіл аздамзатқа тура жол ретінде Құран түсірілген ұлы ай. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) былай деген: «Сендердің ең жақсыларың Құранды оқып үйренгендерің»- деген. Сондықтан осы айда Құранды көп оқып, тыңдау сүннет. Тарауих намазындағы Құран хатымға қатысу, мешіттерге барып Құран оқытып, дұға жасау, білім үйрену, жан мен тәнді рухани тазартып, сауап жинауға, Жаратушының разылығына бөленуге асығайық. Ораза – мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Аузы берік жандар әдеп білмес пенделердің өзіне жасаған кейбір оғаш іс-әрекеттерін көріп, тұрпайы сөздерін естісе де: «Мен оразамын», – деген бір ауыз сөзбен нәпсісіне тоқтау салып, сабыр сақтайды. Ал сабыр иесіне берілетін сый – жәннат.
Рамазан - міндетті амалдың бірі- пітір садақ. Пітір садақасы әрбір нисап мөлшеріне ие азат Мұсылман ер мен әйлге, сәби балаға - уәжіп. Пітір садақасы Ораза айт күні таң атысымен уәжіп болғанымен, бірнеше күн, тіпті бірнеше ай немесе жыл бұрын беруге де болады. Бұл садақаның Ораза айт намазына дейін берілгені дұрыс. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Осындай күнде (айт күні) кедейлерді қайыр садақа тілеуге мұқтаж етпеңдер», –деген.
Денсаулығына байланысты немесе кәрілік жетіп ораза ұстауға шамасы жетпеген адамдар ауыз бекіткен кісілерге ауызашар берсе, ол да – үлкен сауап. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) былай деген: «Алла Тағала ең болмаса бір түйір құрма, тіпті бір ұрттам сумен болса да қамқорлық жасағанға сауап жазады…» – деген. Сондықтан ауызашар дастарханын жасап сүннет- салтымыз.
Рамазан – мың айданда қайырлы қадыр түні бар. Бұл түн ораза айының соңғы он түнінен іздеуді айтады. Әл-Қадр сүресінде: « қадір түні мың айдан да артық»- деген. Айша анамыз (р.а) былай деген: Пайғамбарымыз (с.а.у.) « Рамазан айының соңғы он күнінде түні бойы құлшылық жасап, отбасы мүшелерін (ғибадат жасау үшін) оятып, құлшылық мәселесінде ерекше ынта-жігер танытатын еді»- деген. Сол үшін сіздің осы күндері жасаған амалдарыңыз сексен үш жыл төрт айға тура келіп құлшылығыңыз еселенуін тілеңіз.
Биыл Ораза айы 6-мамырдан 4-маусымға дейін 30-күн болмақ. Қасиетті Қадыр түні 31-мамырдан,1-маусымға қараған түні болады пітір садақа мөлшері 300 теңге.
Қадірлі қауым! Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болғай! Әумин!
Шәріп Серік,
ауданның
бас имамы.