ШЕТІН КӨЗҚАРАС –ҚОҒАМҒА ҚАТЕР

05.07.2019ж

Экстремизм – ешбір заңдар мен қағидаларды, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдардың ұстанымы.

        ҚР «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңында экстремизм саяси, ұлттық және діни деп үшке бөліп қарастырылған.

       Саяси экстремизм – Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертудi, егемендiгiн, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн бұзуды, мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiрудi, өкiметтi күшпен басып алуды немесе өкiметтi күшпен ұстап тұруды, заңсыз әскерилендiрілген құралымдарды құруды, оған басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлiк ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтік, тектiк-топтық алауыздықты қоздыруды көздейді.

                Ұлттық экстремизм – нәсілдiк, ұлттық және рулық алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды мақсат тұтады.

                Ал діни экстремизм – дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн iс-әрекет ұйымдастыру және (немесе) жасау болып табылады.

                Экстремизмнің іске асырылуы терроризмге (лаңкестік) жетелейді. Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқығын жаппай бұзумен қатар жүреді.

                Мұндай шектен шыққан экстремизм мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бұл жағдайда бәрінен де көп зиян шегетін ол – дін.

                Діни экстремизм дегенде белгілі бір діни сенімдегі ұстанымның шектен шыққандығын, оның жеке және әлеуметтік топтардың дүниетанымы мен іс-әрекеттеріндегі көріністері айтылады. Діни экстремизм қоғамда қалыптасқан дәстүрлі діни құндылықтарды жоққа шығарып, агрессияшыл пиғылда өз дүниетанымын, ұстанымдарын басқаларға мойындату үшін әртүрлі күрес жолдарын таңдайды. Мұндай жолдардың үгіт-насихаттан бастап қорқыту, үрейлендіру, манипуляция, гипноз және адам өліміне алып баратын шектен шыққан іс-әрекетке дейін болатыны белгілі.

                Діни экстремизм діни фундаментализммен де тікелей байланысты. Діни экстремистік сана тек өзінің діни сенімін абсолюттік тұрғыдан басқа сенімдерге қарсы қоюдан, өзінің діни сенімін ең таза, шынайы, ақиқатты деп мойындау мен оны тәжірибеде жүзеге асырудан туындайды.

                Заңдық анықтамаға сүйенсек, терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету тәжірибесі.

                Қарапайым тілмен айтқанда, терроризм – ол ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын іс-әрекеттер мен іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

                Осы қауіптердің алдын-алу мақсатында  Тұңғыш Президентіміз  Н.Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленіп, қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2013 жылғы 23 қазандағы № 1141 қаулысы да осы бағыттағы маңызды құқықтық құжат болып табылады.

                Аталған нормативтік құқықтық актілерді негізге ала отырып, мемлекет экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-шараларды, соның ішінде дінтанулық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде бүкіл қоғам мүшелерінің қолдауымен жүзеге асырады.

                Егер де, Сіз немесе сіздің туыстарыңыз деструктивті діни ағымның арбауына түскен болса, діни салаға байланысты сұрақтарыңыз туындаса,облыс бойынша тегін 8-800-080-28-95 сенім телефонына  хабарласыңыз!

                Ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар: www.religion.zhetysu.gov.kzwww.cipr-tld.kzfacebook.com/groups/udralmatinskayaoblastvk.com/udralmatinskayaoblastinstagram.com/udr_almaty_oblinstagram.com/ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

«Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін

саласындағы мәселелерді

зерттеу орталығы» КММ.

 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net