ЖАЛҒАН АҚПАРАТҚА - ЖОЛ ЖОҚ
- Толығырақ
- Жарияланды 13.12.2019 05:07
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 1612
13.12.019ж
Жаһандану заманы дамыған сайын адамдардың сұраныстарына қолжетімділік көбейіп келеді. Барлық мүмкіндіктерге жол ашылды. Интернет желісі күн өткен сайын жаңа мүмкіндіктерге деген есігін айқара ашуда.
Мұның барлығы адамдарға өз пайдасын тигізіп, бизнестерін дамытуға септігін тигізсе, екінші жағынан түрлі қылмыс жасауға да итермелеп келеді. Мәселен, сондай қылмыстардың бірі әлеуметтік желілер арқылы түрлі жалған ақпараттар таратып, көпшілік наразылығын тудыру. Соңғы жылдары осындай сипаттағы қылмыс саны күрт артып, жалған ақпарат таратқан жауапты адамдар Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі бойынша жауапқа тартылды.
Еліміздің полиция басқармасы расталмаған ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы, сондай-ақ басқа да жолдармен таратқандардың қатаң жазаланатынын ескертті. Атап айтқанда қасақана жалған ақпарат тарату Қылмыстық кодекстің 274-бабының нормаларына сәйкес қаралады. Мұндай іс-әрекеттер заңсыз болып табылады.
Ауданымызда ағымдағы жылдың алғашқы жартысында Көктал ауылында 2 азамат жалған ақпарат таратып, қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі тіркелді. Аталған екі азаматта полиция органдарына ұсталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 273 және 274 баптың 1-тармағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осыған орай, ауданымыздың полиция бөлімі өз құзыреттері шегінде жалған ақпараттарды және түрлі қылмысты анықтау үшін техникалық амалдар мен құрылғылары барын ескертеді. Мұндай техникалық амалдарды пайдалана отырып, барлық жалған ақпаратты тарататын адамдарды айқындауға мол мүмкіндік барын қатаң ескертеді.
Өз тілшіміз.