Зайырлы мемлекеттегі рухани құндылықтарды қалыптастыру
- Толығырақ
- Жарияланды 20.03.2020 08:58
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 1456
20.03.2020ж
Елдің дін саласындағы саясаты конфессияаралық татулық пен толеранттылықты нығайтуға бағытталған. Дін – қоғамның рухани өзегі, тұрақтылықтың басты қырларының бірі. Сол себепті діни ахуал үнемі мемлекеттің жіті назарында.
Қазіргі кезде Қазақстанда дін мәселесі сөз болғанда негізгі мәселелер ұлт тағдыры, мемлекет, зайырлылық, салт-дәстүр, мәдениет, мемлекеттің тізгінін ұстайтын, болашақта мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын жастарымыздың жағдайына зер салып қарайтын мәселелердің бірі көтерілетіндігі сөзсіз.
Мемлекет басшысы қажетті құқықтық шектеулерді белгілеу, олардың мәртебесі мен қызметін анық регламенттеу жолымен діни бірлестіктер туралы заңнаманы жаңартуға, сондай-ақ қазіргі заман шындығы мен үрдістерді есепке ала отырып конфессионалдық қарым-қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс негіздерін анықтауға бағытталған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына қол қойды.
Осы Заң Қазақстан Республикасының өзiн демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепiлдiк беретiнiн, ханафи бағытындағы исламның және православиелiк христиандықтың халықтың мәдениетiнiң дамуы мен рухани өмiрiндегi тарихи рөлiн танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетiн басқа да дiндердi құрметтейтiнiн, конфессияаралық келiсiмнiң, дiни тағаттылықтың және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтеудiң маңыздылығын танитынын негiзге алады.
Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Дін мемлекеттен бөлінгенімен, қоғамнан, халықтың болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен бөлінбейді. Дін – ішкі саясаттағы және қоғам азаматтарының рухани өмірі мен мәдение¬тіндегі аса маңызды факторлардың бірі. Зай¬ыр¬лы мемлекет, сонымен қатар, азаматтық қоғам¬ның құрамдас элементі ретіндегі діни бірлестіктердің қызметін де реттеп отырады.
Мемлекет пен қоғам үшін діни алауыздық пен тағатсыздықтың өршуі қаншалықты қауіпті болса, заңдардың, адам құқықтары мен бостандықтарының аяққа басылуы да соншалықты қауіп туғызады. Сондықтан, зайырлылық сұхбатқа, өзара ынтымақтастық пен түсіністікке негізделеді. Ал зайырлы мемлекет заңдылық пен құқықты негізге алады. Соның нәтижесінде біздің зайыр¬лылы¬ғымыз – мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздіктің берік тұғырына айналып отыр.
Қорыта айтқанда, зайырлылық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін жүйе болып саналады. Бұл жүйеде мемлекет пен дін бір-біріне араласпай, әрқайсысы бөлек жұмыс жүргізеді. Дін еркіндігі мен одан туындайтын құқықтардың қамтамасыз етілуі тек зайырлылық принципімен жүзеге асады.
Р.Мағрупова,
аудан әкімінің орынбасары.