ИМАНДЫ ЖАСТАР - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

19.06.2020ж

Біздің асыл дініміз білім мен ғылыми өзгерістерге бейімделуді құптап, қуаттай түседі. Оның ішінде күллі мұсылман үмбеттеріне, барша адамзат баласына парыз болған амалдардың бірі – білім мен ғылым үйрену. Білімді мұсылман – толыққанды мұсылмандар қатарында.

Елімізде білім мен ғылым ізденіп, имандылыққа бет бұрған жастардың қатарының көбейгеніне қарап көңілім марқая түседі. Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан жастардың алдындағы басты мақсаттың бірі де  рухани тәрбие алған, ата-баба ізімен болашаққа қадам басқан ақыл-ойы озық, жан-жақты жетілген білімді ұрпақтың ел дамуына үлес қосуы. Дәстүрлі қазақ қоғамында да дін айрықша орын алған. Рухани тәрбиенің       бастауы имандылыққа бет бұрған жастардың көлденең көк аттының жетегінде кетпей, асыл дінімізді ұстануы. Сол секілді өркениетті елдерде де дін негізінен қоғамның басты ұстанымының  бірі ретінде қалыптасқан.

                Дінімізде жастардың қоғамдағы рөлінің жоғары екенін көрсетіп, олардың тәрбиесіне айрықша көңіл бөлуге шақырады. Өйткені, дұрыс бағыт алған                   жастар үмметінің үмітін ақтайды. Ал тәрбиесі ақсаған жастар болса дұрыс пен бұрыстың арасын ажырата алмай, сын сағаттарда сағы сынып, тура жолдан адасады.

                 Бүгінде   ұлтымыздың ұлы ойшылдары мен аталар мұрасын жаңғырту жағдайындамыз. Осы жолда  еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанып отырған саясаты мен осы бағытта атқарылған жұмыстарын мақтанышпен айта аламыз.  Осы тұста Елбасымыздың: «Біз тегіміз – түрік, дініміз – Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап – Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Дінімізді, тілімізді сақтау – ұлттығымызды, мемлекеттігімізді сақтайды»,-деген сөзін айтсақ орынды болар. Осыған қарап ойлы жас оңды жолға түсері анық.

Марат ИЛИПОВ,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725539