Жат ағым - жарға жығады
- Толығырақ
- Жарияланды 24.08.2020 10:19
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 1394
21.08.2020ж
Жат діни ағымдардың іс-әрекеттеріне, экстремизмге тосқауыл қоюдың ең негізгі құралы – профилактика. Осы тұста еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стартегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Бізге қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизмге қарсы профилактиканы күшейту қажет» деп саяси бағыт-бағдардың сара жолын көрсеткені еске түседі.
Содан бері елдегі экстремизм мен терроризмге қарсы күрес шаралары қарқынды жүргізіліп келеді. Әсіресе, осы салаға білімі мен біліктілігі жоғары кадрлар тартылуда.
Экстремистік идеологияның қақпанына түспеген халықты ескерту мен олардың арасында профилактикалық жұмыстарды белсенді түрде ұйымдастыру кезек күттірмес мәселенің бірі. Мұндай жұмыстарды атқару үшін Үкімет тарапынан қажетті қаражат бөлініп, білімді, білікті теолог мамандармен қатар, психолог, педагогтар мен дінтанушылар қоғамдық ұйымдар мен құзыретті органдардың қызметкерлері бірлесе үйлесімді атсалысып, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын тиімді жүзеге асыру үшін барынша жағдай жасалған.
Оның бір дәлелі ретінде өткен аптада аудан тұрғындарының арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, ақпараттық-түсіндіру бойынша «Жат ағым – жарға жығады» тақырыбы аясында өткен онлайн конференцияны атап өтуге болады. Бұл конференция аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп, оны «Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ-нің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім бастығы, дінтанушы маман Сағыныш Жаңабай жүргізді.
Онлайн басқосуда дінтанушы маман С.Жаңабай қазіргі қоғамдағы дін саласына қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, деструктивті діни ағымдармен күресу жолдарын түсіндірді. Жастардың діни сезімдерінің радикалдануына жол бермеу мәселелері мен оларды шешу жолдарын талқыға салды.
Аталмыш конференцияға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов және теолог мамандар мен БАҚ өкілдері, имамдар мен дінтанушылар қатысып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп, толғандырған сұрақтарына жауап ала алды.
А.ХАМЕТЖАНОВА.