Пітір-садақаның мөлшері қандай?
- Толығырақ
- Жарияланды 09.04.2021 06:09
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 1003
09.04.2021ж
Қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Індеттің беті қайтпағандықтан мұсылман қауымы, ораза кезінде коронавирусқа қарсы екпені салдыруға болады ма? деген сауалға жауап іздеуде. Имамдар, екпе салдыру оразаны бұзатын амалдарға жатпайтындығын айтуда.
"Шариғат бойынша оразаны ағзаға табиғи жолдар – ауыз, мұрын, ішек арқылы енетін заттар бұзады. Ал денеге коронавирусқа қарсы екпені салдыру оразаны бұзбайды", - дейді Талдықорғандағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас имамы Ардақ Оразбай.
Сондай-ақ, спикер емдеуге қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілгенін айтты.
Айта кетейік, биылғы жылы қайырымдылық мөлшері 420 теңгені құрады, бұл өткен жылдарға қарағанда біршама көп.
"Садақаның мөлшері екі кг ұнның орташа құны негізінде есептелді. Ұн бағасы ҚМДБ-ның қалалық және аймақтық өкілдіктері ұсынған ақпарат негізінде анықталды. 2020 жылы пітір-садақаның мөлшері 370 теңгені құрады. Пітірді Рамазан айы бойы беруге болады", - деп атап өтті Талдықорған қаласы" Нұр " мешітінің имамы Алмас Данағұлов.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 13 мамырда мұсылмандар Ораза Айт мерекесін, ал қасиетті түн-Қадыр түнді 8-9 мамыр аралығында қарсы алады.