Қасиетті Рамазан айындағы кезекті қуаныш
- Толығырақ
- Жарияланды 30.04.2021 07:17
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 1055
30.04.2021ж
Айлардың сұлтаны Рамазан айында «30 күнде - 30 баспана» атты акциясының арқасында «Харакет» қайырымдылық қорының 459-ші үйі Айдарлы ауылдық округіндегі Дарбазақұм елдімекеніндегі 9 баланың ата-анасы Руслан Құлақметов пен Гүлжазира Айтбаеваға тарту етілді.
Жаңа шаңырақтың кілтін Айдарлы ауылдық округінің әкімі Айдар Исаев табыс етті. Бұл бастаманы ауыл әкімі ұйымдастырып көп балалы отбасына қуаныш сыйлады. Осындай жақсы істің ұйымдастырушы «Харекет» қорының төрағасы Амангелді Төлемісов арнайы келіп көп балалы отбасының қуанышына ортақтасты.
Сондай-ақ ауыл әкімі өз атынан көп балалы отбасына тәтті толы себеттер мен киім-кешектерді сыйға тартты.
«Адам жақсылыққа өз еркімен бет бұрса ғана нәтиже шығара алады»,-деп Геге айтқандай қуаныштың себепкері «Харекет» қорының төрағасы А.Төлемісовке және демеуші Дарын Сәлімжановқа аудан әкімінің атынан «Алғыс хаттар» табыс етілді.
Мұндай қамқорлыққа кенелген көп балалы отбасы қуанышқа бөленіп, ауыл әкімі мен демеушілерге жүректен шыққан шынайы лебіздерін білдірді.
Жақсылық – адамшылықтың белгісі. Әркім өзінің қал-қадері жеткеше жақсылық жасайды. Ең бастысы шын ниетімен, адал пейілімен жасалса болғаны. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық.
Сымбат Әбдіреш.