Имандылық дегеніміз не?

27.05.2021ж

Дін - саясаттан бөлек десек те, оның ықпалы бүгінгі күні ерекше күшке ие. Діни қауымдастықтың үндеуі түсіністікке, ынтымаққа бастайтын қадам ретінде кез келген адамдарды ойлантса керек. Сондықтан, өзге бір дін туралы пікір білдіру аса сақтықты қажет  етеді.

 

Осы тұрғыда Пенжім ауылының имамы Рамазан Сатбан бізбен аз-кем сұхбаттасты.
- Қазіргі таңда үлкендерге қарағанда жастар жағы дінге көбірек бет бұрып жатыр ғой, мұның себебі неде?
- Үлкендердің тәрбие алған ортасы мен қазіргі жастардың ортасы өзгеше. Үлкендер кеңес империясы тұсында атеистік тәрбиемен өсті, қазіргі жастарға дінге еркіндік берілген қоғам. Сондықтан да екі буынның арасында айырмашылық болуы түсінікті.
- Дүниетанымы да басқа дейсіз ғой?
-Иә. Қазіргі жастар дінге жол ашылған шақта дүниеге келді. Жол ашылғаны былай тұрсын, байқап қарасақ дін қоғамды баурап алғандай. Телеарналарда, радиода, БАҚ-ы мен тіпті көшенің өзінде дін өзекті мәселеге айналды. Діни мерекелік күндеріне демалыс та берілді. Жалпы айтқанда, елімізде дінге бет бұрушылық бар. Діни оқу орындарында кәсіби білім алған жастар көптеп кездеседі. Осының барлығы қоғам өмірінде діннің ықпалының күшейтілгенін көрсетеді. Жастар өзгерісті тез қабылдайды. Сондықтан, жастарды нысана еткен діни топтар құрыла бастады. Бұлардың мақсаты - жастарды мойынсындырып, кейін солар арқылы өз ойларын орындау болып табылады.
- Аллаһтың хақ жолын ислам дінінің басқа ағымдарынан қалай ажыратуға болады? Еңбасты белгілері қандай?
- Ислам діні белгілі бір адамның яки топтың меншігі емес. Ислам Жаратушының діні және оның негіздері Құранда жан-жақты көрсетілген. Менің ұғымымдағы ислам діні бірақ Жаратушыға тәсілім болуды тапсырылуды, берілуді, оның жолына мойын ұсынуды талап етеді. Ал, көпшілік қанаушы ағымдар сізді Жаратушының жолына салмайды. Аллаһқа берілуіңізге, талап шарттар қоя бастайды, араға делдалдар да салады. Белгілі бір шарттар орындалғанда ғана жарылқаймыз дейді, әйтпесе неше түрлі азаппен қорқытады.
Көпшілік қанаушы діни ағымдар - адамды қуыршаққа айналдырып, билеп-төстеудің амалы.
- Бұл күндері ислам діні дегенде халықтың көз алдына лаңкестер келетін болды. Осы жайында не айтасыз?
-Пендеге пенде болған, озат ойлаудан ада болған адас басқаға не істемейді? Бұл соның көрінісі. Әлемде лаңкестік әрекеттерге мұсылмандардың қатыстырылуы, кейбір мұсылман жастарының кішкентайынан зиянды топтардың ішіне кіріп кетуі өте өкінішті. Бұл дінді дұрыстап білмегендіктен, жете түсінбестіктің кесірі. Лаңкестер кімді пайдаланады? Олар көбінесе надан, иілгіш, сатылғыш адамдарды тыңдайды.
-Имандылық дегеніміз не?
-Имандылық - адамның ішкі әлемімен татулығы, қоғам мен табиғатпен үйлесімді болып, Жаратушыға ғана мойынсынуы керек.
(Өз тілшіміз).

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4730030