Діні қуатты елдің іргесі берік

Таяуда Панфилов ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар кеңесінің отырысы өтіп, күн тәртібінде Үлкенағаш, Үлкеншыған, Сарыбел ауылдық округтеріндегі діни ахуал, білім беру мекемелеріндегі, жастар арасындағы діни эстремизм мен терроризмнің, радикалды ағымдардың алдын алу жұмыстарның атқарылуы сияқты бірқатар мәселелер сөз болды. Отырысты аудан әкімінің орынбасары Роза Мағрупова ашып, жүргізіп отырды.

 

                Ауыл әкімдері, имамдар, теологтар, дінтану пәнінің ұстаздары, психологтар қатысқан отырыстың күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Үлкенағаш, Сарыбел ауылдық округтерінің әкімдері А.Саурықов пен М.Сарпектің есебі тыңдалды. Өкінішке орай, бүгінгі күні Үлкенағаш және Сарыбел ауылдық округтерінде дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанған аза маттар бар. Олардың арасында теологтар мен арнайы мамандардың түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде дұрыс бағытқа түсіп, қазіргі уақытта  жұмыспен қамтылғандары да жоқ емес.

                Осыдан кейін аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Қастеев білім беру мекемелеріндегі діни эскстремизмге, терроризмге, радикалды ағымдарға қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар жөнінде және соңғы уақытта жиі талқыға түскен – мектеп формасы мен хиджаб мәселесі жайында да айтып өтті. Осы уақытқа дейін ауданымызда мектеп оқушыларының білім ордасына хиджабпен келген 2 оқиғасы тіркелген. Бұл оқушылармен, ата-аналарымен арнайы мамандар сөйлесіп, қазіргі таңда олар мектеп формасын киіп жүр.

                Сонымен қатар отырыс барысында имамдардың кәсіби біліктілігі, оларды оқуға жіберу, аудан аумағындағы мешіттерді заңды тіркеу, дәстүрлі емес діни ағымды ұстанған, алайда аудан аумағынан тыс жерде тұратын азаматтардың мекен-жайын анықтау сияқты бірқатар маңызды мәселелер сөз болып, тиісті мамандарға тапсырмалар жүктелді.

Отырысты аудан әкімінің орынбасары Р.Азаматқызы қорытындылады.

Ж.ЕРЖАНҚЫЗЫ

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725602