Жетісу облысының 27 имамы аттестаттаудан өтті

2024-08-01


Имамдардың білім деңгейін анықтап, біліктілігін арттыру мақсатында жақында аттестаттау өтті. Оған 27 азамат қатысты. Олар алдағы уақытта тиісті бұйрық шыққан жағдайда аймақтың имамы жоқ мешіттеріне қызметке жіберілетін болады. Бұдан бөлек, биыл Нұр-Мүбәрәк университетінің және медресе бітірген түлектерді қызметке тарту әлі жалғасып жатыр.

 

Дегенмен, бүгінде кадр тапшылығы имамдар қауымдастығының да арасында бар. Атап айтсақ, өңірдегі 12 ауылдық мешітте имам жоқ.
Білікті имамдар корпусын қалыптастыру мақсатында Дін істері басқармасының тапсырысымен шілде айында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында имамдарды оқыту курсы басталып, өткізілуде.
Одан бөлек, имамдарды қызметке тарту бағытында өңірге өткен жылы 9 имам, биылғы жылы 12 имам қызметке тартылды.

Діни аттрибутикамен мектепке кіруге рұқсат жоқ

2023-2024 оқу жылына мектепке хиджап тағып келетін оқушылар саны 23-ке жеткен. Мамандар тиісті жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде 23 оқушының 8-і өз ұстанымында қалып, қалғаны ортақ киім үлгісіне көшкен.
2024 жыл басынан оқу жылы соңына дейін 8 оқушы қызбен тиісті жұмыстар жүргізіліп, 2 оқушының ата-анасына, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 409 бабы, 2 тармағына әйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Дін істері басқармасы басшысының айтуынша, мектептерде зайырлы қағидаттар сақталуы тиіс. Бұл Ғылым және жоғары білім министрлігінің тікелей алға қойған мақсаты. Осы бағытта республика бойынша мектептің ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде. Яғни, діни аттрибутикамен мектепке кіруге рұқсат жоқ. Алдағы уақытта азаматтар осыны ескерсе екен дейді спикер.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4779185