Жетісулықтарға «Ғибратты қазына» бағдарламасы ұсынылмақ

Екі айда бір көрсетілетін бағдарлама жергілікті «Жетісу» телеарнасынан берілетін болады. Діни бағдарламаға теолог мамандары және қызуғышылық танытқан адамдар қатыса алады. Онда барлық Алматы облысының тұрғындары көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алады.

     Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Есдәулетов Рахмет баяндады. Сонымен қатар, облыс тұрғындарының діни сауатын арттырумен қатар, дәстүрлі емес діни бағыттарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында түрлі форматта іс-шаралар өткізіледі.

     Өткен жылы облыс бойынша дін мәселесін түсіндіруде жалпы 3274 іс-шара өткізіліп, оған 247 907 адам қатысты. Ол алдынғы жылғы салыстырмалы шаралар санымен 77-ге артып отыр.

   «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтары еліміздегі үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға, нығайтуға, халықтың діни сауатын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихат түсіндіру жұмыстарын іске асыру үшін құрылған. Осымен бірге, облыста әртүрлі ұлт өкілдерінің көптігіне байланысты миссионерлік қызметпен келген дін өкілдері мен құрылған діни бірлестіктер жұмыс атқаруда», - деді Р.Есдәулетов.

   Айта кету керек, облыстық дін істері басқармасының тағы бір тың жаңалығы  «Рухани керуен» атты  кітаптың шығуы.

        

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4846816