Экстремизм мен лаңкестік-басты қауіп

Жуырда   аудандық мәдениет үйінде Жаркент гарнизонының жеке құрамымен «Экстремизм мен терроризмге қарсы жұмыс жасау, онын алдын алу шаралары туралы» ақпараттық түсіндірме түріндегі ашық семинар-сабақ жоғары деңгейде өтті. Семинарда 74261 әскери бөлімнің командирі, полковник С.Сәрсенов мазмұнды баяндама жасады.

     Әскери прокуратураның аға прокуроры, аға лейтенант Д.Кривцов, ҚР ҰҚК өкілдері, лейтенант Ж.Дәулетов пен Н.Сауыркенов, облыстық дін істері басқармасының теологы Ж.Қонысбаевтар қатысып, семинар сабақ барысында экстремизм мен лаңкестіктің тарихы, қазіргі күнгі көріністері, зардаптары жайлы кеңінен түсіндіріп, өздері қызмет ететін саланың терроризм мен экстремизмге қарсы іс-шаралары, алдағы атқарылатын жұмыстар жайлы түсіндіріп өтті.

    Сөйлеушілер  өз тараптарынан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында басым міндеттердің ішінде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы іс-қимыл айқындалғаны туралы айтып, қоғамымызда ең алдымен, жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігіне, сондай-ақ конфессияаралық бейбітшілік пен келісім орнаған, діншілдер мен атеистік көзқарасты азаматтардың да құқықтары сақталатын және құрметтелетін зайырлы мемлекет-Қазақстан Республикасының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес тұрғындарда діни сананың қалыптасуына ерекше назар аударылатынына тоқталды.

   Экстремизм, лаңкестік және деструктивті ағымдар мен адасқандарға қарсы күресте күреспен қатар жастарға шынайы діни білім беріп, олардың ой сана көкжиектерін ағартушылықпен нұрландыруымыз керек. Арнайы діни білімнің болмауы, діни ұйымдардың мақсатын өз дәрежесінде түсінбеушілік, ғасырлар сынынан өткен дін мен ұлттық озық дәстүрлеріміздің сабақтастығын түсінбеушілік, ара жігін ажырата алмаушылық та діни экстремизмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Дінннің дұрыс түсінген адамға- рухани кемелденуге, имандылыққа, адамгершілікке жетелейтінін, ал қате түсінген адамға-қатерге айналатыны түсінікті жайт.                    

  Сондықтан әскер қатарындағы жастар ертең үлкен өмірге қадам басатыны себепті оларға діни тұрғыда дұрыс бағыт беріп, діни және ұлттық дәстүрлеріміздің үйлесімділік қалпында тәрбие берсек деген игі мақсатты бағдар тұтқан іс шараның мазмұндық жағынан тартымдылығын арттырып, шырайын кіргізген дін істері басқармасы ұсынған «Жат ағымға жол жоқ» деген бейнетаспа  қатысқандардың ой сана кеңістігін кеңіте түсті.

    Экстремизм мен лаңкестіктің жаңа ғасырда адамзатқа төнген басты қауіп екені туралы жан-жақты ақпараттық материалдар мәліметтерін кеңінен әрі ұтымды пайдаланумен жүзеге асырылған игі шара көпшіліктің көңілінен шықты деуге болады.

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,

Қазақстан  Заңгерлер

Одағының мүшесі.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4846739