Сенім телефоны жұмыс істейді
- Толығырақ
- Жарияланды 30.03.2018 04:40
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 2038
«Алматы облысы дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесшілік және психологиялық көмек көрсетуге арналған.
Хабарласыңыздар, егер:
- Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса;
- Сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;
- Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі келсе;
- Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жоралар мен іс-шараларға қатысуды ұсынған болса;
- Сізді діни бағыттағы күдікті жиындар мазалаған болса;
- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса;
- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге байланысты қиын жағдайларға ұшыраған болса;
- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегін қажет ететін болса. Сенім телефоны: 8-800-080-28-95. Біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз және көмек көрсетеміз! Мекен жайы: Талдықорған қаласы, Қаратал ықшам ауданы, І.Жансүгіров көшесі №13«а» үй, 3 қабат Сіздер үшін заңгер, дінтанушы, психолог жұмыс істейді . Жұмыс уақыты: сағат 08.00 – 20.00-ге дейін.