Діни экстремизм - қауіпті құбылыс

 Бүгінгі таңда діни экстремизм Батыс пен Шығыстың үлкенді-кішілі елдерінің  басты мәселесі. Алайда, әр елдің қоғамында өзіндік ерекшеліктер бар. Қазақстандағы діни экстремизмнің шынайы келбеті қандай? Оның түп-тамыры қайда жатыр және онымен күресу жолдары қайсы?

 

      Біз  Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес діни саладағы экстремизмге тойтарыс беріп, ымырасыз күресуге тиіспіз. Осы заңға орай, діни экстремизммен күресу мемлекеттік органдардың  қызметіне жатады. Яғни, адам құқықтары мен  бостандықтары, конституция негіздерін қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру көпконфессиялы еліміздің тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігін, экстремизмнің  алдын алу, анықтау, жолын кесу және оның салдарын жою, сондай-ақ экстремизмнің жүзеге асуына жол ашатын себептер мен алғышарттарды анықтап, жойып отыру мемлекеттік органдардың      басты міндеті.           

                Бір сөзбен айтқанда,  заңнамалық деңгейде экстремизмнің тамырын терең жоюға мүмкіндік бермейтін алғашқы кезеңнен бастап оны залалсыздандырып отыруға басымдық беріледі.

 

Б.Тлеухан.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4800080