«уақып» қорының қолдауы

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен еліміздегі әртүрлі әлеуметтік жобаларды қолдау мақсатында “Уақып” корпоративтік қайырымдылық қоры ашылған болатын. “Уақып” сөзі араб тілінен аударғанда қайырымдылық деген мағынаны білдіреді. Өзінің атауы айтып тұрғандай аталмыш қордың негізгі жұмысы – әлеуметтік әлсіз топтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету.

 

                Қордың жұмысы әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, діни бірлестік қызметкерлері жұмысының тиімділігін көтеру және діни мекемелердің қызметін қолдауға бағытталған. Қор қызметінің ашықтығын және қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ететін қамқоршылық кеңесі жұмыс жасайды.

                Осы тұста «Уақып» қорының әлеуметтік аз қамтылғандар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетуді де қоса атқаратынын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу, мамандардың біліктіліктерін көтеру және елді-мекендердегі діни бірлестіктердің әлеуметтік мәселесін шешуді де көздейді. Әсіресе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынған тізімі бойынша, өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын имамдарға, ұстаздарға қайырымдылық көмек көрсету мәселелерін де қолға алып отыр. 

                Бүгінде «Уақып» қоры арқылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы және Талдықорған өңірі бойынша өкілдіктеріне қарасты жағдайы төмен 21 ауылдық мешіттің имамдарына жалақы төленуде. Биылғы жылы тағы да 10 имамның  кандидатурасы ұсынылып, стипендияға ие болу мүмкіндігі туды.      

                Әрине, дәстүрлі дінді насихаттау үшін ең алдымен осы салада жұмыс істеп жүрген діни қызметкерлердің материалдық және моральдық жағдайы шешім етілуі керек. Осы тұста осындай адамдарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсетіп, көмектесіп отырған “Уақып” қорына және қайырымды істі бастаған азаматтарға жұрт дән риза. Игі бастама алдағы уақытта өз жалғасын тауып, көптің көңілінен шыға беретіндігіне сенімдіміз.

   Реквизит фонда «УАҚЫП»

Корпоративный благотворительный фонд «Казахстанский фонд «УАҚЫП»  г. Астана пр. Кабанбай батыр дом 28,

офис 5

БИН: 170740000147

РНН: 620500086324

ИИК: KZ 136010111000051511 ( KZT) основной счет

БИК: HSBKKZKX

Банк: АО «Народный Банк Казахстана» г. Астана

Президент : Айтбай Қайрат Орынбайұлы

Фактический адрес:

Республика Казахстана г. Астана,

ул. Сауран 1, офис 403.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4846647