Игілікті шара - баршамызға ортақ
- Толығырақ
- Жарияланды 18.05.2018 05:35
- Автор: Super User
- Категория: Иман
- Қаралды: 2019
Жуырда Жаркенттегі киелі жер Әулиеағаш ауылында бүгінгі қасиетті жұмаға орайлас үлкен бір игі іс-шара жасалды. «Байқуатты адамдар көбейсе, елге құт қонғаны, мешіттер көбейсе дініміздің діңгегі нығайғаны.
Бұл адамдар азғындықтан сақтанып, жастар жамандыққа баспайды, халық ғибратты өмір сүреді» деген сөз емес пе? Осы орайда Әулиеағаш ауылындағы мешіт жанынан нәзірхананың ашылуына мұрындық болып отырған кәсіпкер А.Көдеков, ауыл имамы Қорғасбеков Тұрлыбектің игілікті ісін ерекше атап өткен жөн. Нәзірхананың ашылу салтанатына көптеген қонақтар шақырылды.
Жазушы, жерлесіміз Б.Нұржекеев, Ж.Қорғасбеков, кәсіпкер А.Көдеков, жазушы Сәрсенбі Дәуіт, Әсет Ақжол, кәсіпкер Серік қажы, аудандық мәслихат депутаты Қ.Ахметқалиев мектеп ұжымы, балабақша, емхана, ауыл тұрғындары қатысты.
Ауыл әкімі А.Саурықов нәзірхананың ашылу салтанатындағы кіріспе құттықтау сөзінде соңғы жылдары қазақ халқы үшін ата-бабамыз ұсынған имандылық жолына бет бұрушылардың көбейіп келе жатқандығын атап өтті және жастарға рухани тәрбие беретін, дәстүрлі дінімізді насихаттайтын орталыққа айналатына сенім білдірді. Ауыл ақсақалдарының, азаматтардың көмегімен салынған нәзірхананың халық игілігі үшін маңызы зор екенін атап кетті.
Аудандық мәслихат хатшысы Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы құттықтау сөзінде жақын күндерде қасиетті Рамазан айының алдында киелі жер Әулиеағаш ауылында «Нәзірхана» салынып, бүгінгі жиналған қауым алдында салтанатты түрде ашылып отыр. Халқымыздың рухани құндылықтарын жаңғырту және сақтау біздің еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген бірден-бір жетістігі болып табылады. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласына орай атқарылған іс-шараның бірі болып есептелетінін айтты. Осы бастаманы көтерген азаматтарға өз алғысын білдірді.
Ауданның имамы Серік мырза халықты нәзірхананың ашылуымен құттықтап, жастарды имандылыққа баулудың сансыз сауабына тоқталды. Алланың қалауымен елімізде зәулім мешіттер салынуда. Пайдалануға берілгелі тұрған нәзірхана жақсылықтың жаршысына, адамгершілік пен ізеттіліктің рухани ордасына айналсын. Іші жамағатқа толып, ынтымағымыз, ауызбіршілігіміз нығая берсін. Жаңа нәзірхана құтты да қайырлы болсын деген тілектер айтылды.
Нәзірхананың ашылу салтанатындағы лента қию рәсімі жазушы Б.Нұржекеев, Сәрсенбі Дәуітке бұйырды. Ауыл әжелері шашуын шашып, қуаныштарымен бөлісті. Ауыл ақсақалдары бата беріп, құран оқыды. Келген қонақтар сөз сөйлеп, алғыстарын білдірді. Мешітке кәсіпкер Сәкен қасиетті «Құран» кітабын сыйға берді. Көмек қолын созған А.Көдеков, Б.Мыңжанұлы, Омарғали, Фархат, Сәкен, Адал деген азаматтарға алғыс білдіріп шапан жапты. Жазушы Ж.Қорғасбеков ауыл кітапханасына кітап журналдар тарту етті.
Жаңадан ашылған нәзірхана құрметіне келушілерге арнайы ас беріліп, әруақтарға құран бағыштады.
Ж.Сабанбаева,
«Әулиеағаш орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі.