Дін - зайырлы мемлекеттің рухани тірегі

Кең-байтақ  қазақ елі қазіргі таңда күллі әлемге өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын ордасы екендігін паш етіп отыр. Мәңгілік еліміз Қазақстан өзінің алғашқы ата заңын қабылдаған күннен бастап, осы уақытқа дейін мемлекеттік құрылудың зайырлы бейнесін қамтамасыз ете  алды.   Бүгінде  республика азаматтары кез келген дінді ұстануға, еркін таңдауға, діни сенімде болуға, соған сәйкес әрекет етуге құқықты бостандыққа ие.

 

                Біздің еліміздегі дінге басты қағида бұл - зайырлылық ұстанымы. Қазақстан – көп ұлтты және көп конфессиялық елдердің қатарын толықтырушы зайырлы мемлекеттің қатарында. Жер шарында 113 мемлекет өзін зайырлы ел деп жариялаған. Соның бірі – Егеменді еліміз Қазақстан. Тәуелсіздіктің бастапқы жылдығында қабылданған Конституциямыздың 1-бабының 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» ретінде орныққандығы белгілі. Дін жалпы адамзаттың мәдени тарихында елеулі ықпалы болуымен қатар, жеке адамның тұлғалық қалыптасуында, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың заманауи үдерістерінде де атқарар маңызды қызметі бар.

                Елбасымыз Н.Назарбаев: «Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз», - деді. Осыған байланысты дербестігіміздің өркендеуіне, озық мемлекеттердің қатарын толықтыру жолында сыртқы күштердің әрекеттерін алдын-алу мақсатында жан-жақты іс-шаралар атқарылуда. Адамға жан-жақты тәрбие беріп, инабатты ұл, ибалы қыз болуына, кәміл жетілуіне ерекше көңіл бөлген ата-бабамыздың бүгінгі келер ұрпаққа отаншылдық, ұлтжандылық пен ақыл-парасатты, зайырлылық пен ұлттық құндылықтарына сүйене білетіндей білім ұсыну арқылы, келешегі зор, қоғам тәрбиелеп шығару басты назарда. Еліміздегі бүгінгі діни ахуал жағдайында бұрынғы өлшеммен жұмыс істеуге болмайтыны белгілі ақиқат.

                Тәуелсіздік алған 27 жылдың ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен үлкен жетістіктеріміздің бірі, біздің шыққан биігіміз – ол елімізде діни наным-сенім бостандығының, діни еркіндіктің толық бекуі, оның ішінде ислам ата-салтымызбен дініміздің өркендеуі.

                Бүгін бізге дінімізді, ұлттық қасиетімізді, әдет-ғұрыпымыз бен салт-дәстүрімізді қайта түлетіп, бәрін толық қалпына келтіруге тамаша мүмкіндік беріліп отыр. Дінімізді мемлекеттік идеологияның ажырамас

бір бөлігі, халықтың өміршең тәрбие көзі, мемлекеттің бір тірегі ретінде танып, ислам құндылықтарын игеру, оны ілгері дамыту – бүгінгі біздің міндетіміз.

                Еліміздің қуатты, рухы күшті, жан дүниесі бай, иманды мемлекет болуына біздің ұлттық зиялы қауым өкілдерінің, жұрт соңына ереді деген зайырлы интеллигенцияның алатын орны мен рөлі өте ерекше. Дін – мәңгілік, оның қай заманмен болсын үндестік табатынын, діннің бейбітшілікке, ынтымақ пен бірлікке қызмет көрсететінін енді жақсы түсініп келе жатырмыз.  Қорытындылай келе, әр ұлттың өз ерекшелігі мен ұстанымы, ұлты мен нәсіліне қарай өзіндік қалыптасқан мәдениеті мен салт-дәстүрі болады. Еліміздің тыныштығы мен болашағы, тәуелсіздігіміздің баяндылығы мен көпұлтты халқымыздың ынтымағы, асыл дініміздің бірлігі мен көркеюі – әрқашан да ойландырады да толғандырады. Бәріміз «бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай»  әрбір рухани жаңғырудың діни дәстүрімен сабақтастығы барлығын ескере отырып, еліміздегі дәстүрлі діннің негізгі қағидаларының жаңа заман талабына сай маңызды екендігін ескерткендігіміз жөн болар.

М.Илипов ,

аудандық  ішкі  саясат

 бөлімінің  басшысы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4846692