Терроризм және қауіпсіздік

Жуырда  аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Алматы облысы бойынша терроризмге қарсы, тұрғындардың қауіпсіздігіне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» атты өңірлік оқу-семинар өткізілді. Семинарға  ұлттық қауіпсіздік комитетінің, терроризмге қарсы дайындық орталығының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, арнайы шақырылған азаматтар мен мешіт имамдары, округ әкімдіктерінің бас мамандары қатысты.

 

                Семинарды  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов ашып, жүргізіп отырды.

                 Шара барысында терроризмге байланысты тұрғындардың қауіпсіздігі жөнінде түсінік берілді. Сондай-ақ жастар ресурстары орталығының маманы А.Талғатұлы, еңбек ардагері, ауданның «Құрметті азаматы» Ш.Рахмидинов, аудандық орталық мешіттің наиб  имамы, Елтай мешітінің бас имамы Ұ.Сарпек сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Мұнда терроризм өте қауіпті, ал тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау  аса  маңызды  екендігі  тілге тиек етілді.

(Өз  тілшіміз).

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4846731