ДІН - БҮЛІКТІ ЕМЕС, БІРЛІКТІ КӨЗДЕЙДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстандағы діни ахуалға үлкен көңіл бөледі. Мемлекет басшысы атап айтқандай, бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни  ағымдар мәселесі өткір болып тұр.

 

                Жастарымыздың бір бөлігі жат діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені біздің қоғамның бір бөлігінің шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз. Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл-факт. Бірақ өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз –хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс. Әркімнің таңдау құқығы бар. Діни таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Себебі, адамның өмірлік салты, тұрмысы, бүкіл  өмірі көп жағдайда соған  байланысты.

                Елбасы атап өткендей, жан, ождан бостандығы ерекше жауапкершілікті талап етеді.Қоғамдық пікірге қатысты жүргізілген әлеуметтік зерттеулерге жүгінсек, еліміздің тұрғындарын қазіргі діни ахуалдың алаңдататындығы байқалады.

                Десек те,  діннің    діттегені – бүлік емес, бірлік екенін ізгі ниетті адамдар айтуындай-ақ айтып келеді. Өйткені дін –адамгершілік, мейірім, ізгілік пен имандылықтың азаматты алға жетелейтінін уағыздайды. Бірақ соған қарамастан бүйректен сирақ шығарып, теріс жолға бұра тартатындар бүлікшіл әрекеттерін қояр емес.

                Сондықтан мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу, оның алдын алу мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен іс-шаралар өтіп тұрады. Жалпы алғанда, біздің елімізде әр азаматқа дінді таңдау еркі берілгендігі  белгілі. Ол  заң шеңберінде реттелетін мәселе. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді  ұстап келе жатқан халық екендігіміз баршаға аян.

                Еліміздің басына қиын-қыстау күн туған шақта небір тығырықтан ақсақалдар кеңесінің,  билер мектебінің, ел басқарған хандарымыздың қара қылды қақ жарған жарғысымен әділет төреліктері арқылы шығып отырдық. Ал қазіргі көзқарас, бүгінгі өмір талабы бізге ерекше міндеттерді жүктеп отыр. Әлемде сан түрлі дін болса да әрбір тұлға өз бағытын айқын анықтауы тиіс.

                Сондықтан мемлекетіміздің тиым салынған діни ағымдардың бағытына бұрылмай, жат көзқарастың жетегіне   ермей, көшіміздің керуенін  имандылыққа  бұруымыз  қажет.

Бағдат  Бейсенқызы.

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net