Имандылық иірімдері

Мешіт  халықты  имандылыққа, бейбітшілікке, бірлікке шақыратын Алланың үйі. Имандылыққа бет бұрған мұсылмандар ұлтаралық татулықты  сақтай отырып, Ұлы  даланың  Мәңгілік  елі  екенін  паш  етуде.

                Қыркүйек айының 14-і күні Н.Головацкий атындағы ауылдағы Бәйдібек баба көшесінде бой көтерген жаңа мешіттің ашылу салтанаты болды.

                Ауыл  мешітінің ашылуына жергілікті  тұрғындармен бірге алыс-жақыннан шақырылған қонақтар мен ардагерлер, мешіт қауымдары, имамдар мен БАҚ өкілдері  қатысты.

                Жиналған көпшіліктің алдында аудан имамы Серік Шәріпұлы бата жасап, барша халыққа береке-бірлік тіледі.

                Қазақстан Республикасы Діни басқармасыынң Алматы облысындағы өкіл имамы  Ардақ Оразбаев  құран бағыштады.

                Мешіт алдындағы жиында белгілі дінтанушы, шығыстанушы, тарихшы, филология ғылымдарының докторы, «Шығыстану  институтының директоры, 13 жыл Қазақстан           Республикасы діни басқармасының бас муфтиі болып істеген Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі қажы сөз алып, ыстық ықыласқа толы лебізін білдірді. Сондай-ақ мешіт салып ауыл тұрғындарының ризашылығына бөленген Тасқын Жапарқұлға шексіз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

                Дәстүрлі дініміздің  қоғамымызға тигізер пайдасы туралы да қысқаша баяндап берді.

                Шара барысында Қазақстан Республикасы Діни басқармасының Алматы облысындағы өкіл имамы Ардақ Оразбаев Қазақстан Рсепубликасы Діни басқармасының атынан сөз сөйлеп, естелік сыйлықтарын мешіт имамына тапсырды.

                Ауылдағы 500 адам           сиятын еңселі де көрікті мешіт үйінің ашылуында өңірімізге белгілі ақын Исламғали Үркімбайұлы арнау өлеңін оқып, жырдан шашу шашты.

                Жаңа мешіттің ашылу салтанатында ақын әрі тарихшы Молот Солтанаев, Алматы облысының «Құрметті азаматы», Кербұлақ ауданы-ардагерлер кеңесінің төрағасы Төленді Сарыбаев, Алматы облысы мәслихатының депутаты кәсіпкер Зәкір Кузиевтер сөз алып,  өз қаржысына мешіт салып, ауыл тұрғындарына қайырымдылық жасап отырған «Ернар» шаруа қожалығының басшысы Тасқын Тұрғанғазыұлына ұзақ өмір, зор денсаулық, жұмысына сәттілік тіледі.

                Мешіттің  ашылуына  арнайы келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты  Бақытжан Жұмағұлов әке тәрбиесін бойына сіңірген Тасқын Жапарқұлдың адамгершілігі мен елге жасап отырған жақсы істерін зор мақтанышпен  айтты.

                Шара барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның «Құрметті журналисі», Алматы облысының «Құрметті азаматы», Өнер Академиясының мәртебелі профессоры Нұртілеу Иманғалиұлының жыр шашуы   оқылды.

                Мешіт құрылысын салуға белсене қатысқан азаматтарға Тасқын Жапарқұлұлы мен зайыбы Раушан  Уәжқызы екеуі сыйлықтар табыс етті, иықтарына шапан жауып, құрмет көрсетті.

                Мешіті  жоқ ауылға еңсесі биік Алланың   үйін жасаған Тасқынның отбасына, балаларына шынайы ризашылық білдірген ауыл тұрғындары атынан Бабай Айлабеков Тасқын Жапарқұлға ат мінгізіп, құрмет көрсетті.

                Сондай-ақ лента қиылып, шашу шашылды.        

                Мешіттің ашылу рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткері Темірхан Досмұхаметов, Еңбек Ері Күләш Айтжанова, белгілі кәсіпкер Серік Ақсубаев, облыстық мәслихаттың депутаты Мұрат Аубакиров, тағы басқа ел ағалары қатысты.

                Шараға  қатысушылар «XXI ғасыр» мейрамханасында және «Жастар» дәмханасында әзірленген кең дастарқан мәзірінен дәм татып аттанды.

                Белгілі қоғам қайраткері  Т.Досмұхаметов, ғалым Ә.Дербісәлі  қажы, Қазақстан  Республикасы  Парламенті Сенатының депутаты Б.Жұмағұловтар бастаған зиялы қауым Н.Головацкийдің  мұражайын аралап көріп, Мәдениет үйінің қазіргі жәй-күйімен танысты.

         Жұмағазы   Нұрақынұлы.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725813