Бақытты болашақ үшін
- Толығырақ
- Жарияланды 14.12.2018 05:35
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1642
Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек Қазақстанның ғана емес, жалпы әлем елдеріне ортақ күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл кесел барлық мемлекеттерді қатты алаңдататындығы айқын.
Ал бұл дертпен күресу әрбір адамның жеке өзіне байланысты. Меніңше, отбасында дұрыс тәрбие алып, озық білім мен қатар рухани біліммен сусындап өскен адам жемқорлыққа мүлде бармайды.
Қазіргі таңда жемқорлық мәселелерін зерттейтін ғалымдардың көпшілігі Қазақстанда парақорлық кең етек жайып дамып кеткендігін айтып дабыл қағуда. Мұның себебін, ғалымдар кешегі кеңестік заманнан қалған құбылыс ретінде сипаттайды. Өйткені, тамыр-таныс, дос-жаранға сенім арта отырып шешім қабылдау, кешегі кеңестік заманға тән құбылыс. Десек те біз бүгінде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Мемлекет болашағына үлкен қауіп туғызатын бұл мәселеге қатысты елімізде арнайы заңдар қабылданып, біршама жұмыстар да атқарылып жатыр.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Мәселен, қызмет өкілеттілігін асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу және тағы басқа да әрекеттердің барлығы дерлік сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Егерде кімде кім осындай әрекеттерге баратын болса, ол заң алдында жауап бермек.
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз ел ретінде қалыптасқанымызға биыл жиырма жеті жылдай уақыт болды. Кешегі күнге көз салатын болсақ, Президентіміздің арқасында мемлекетіміздің нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, еліміздің экономикасы мен халықтың әл-ауқаты көтеріліп, еліміз әлем елдерінің ішінде өз орнын айқындады.
Сондықтан алдағы уақытта Қазақстанның қарышты дамуы үшін әртүрлі кеселдермен ел болып бірге күресуіміз керек. Оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресу - барша Қазақстан азаматтарының басты парызы.
Ермек СҰЛТАНОВ.