Адам саудасымен күрес
- Толығырақ
- Жарияланды 18.01.2019 07:26
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1905
Адам саудасына қарсы күрес-XXI ғасырдағы халықаралық қауымдастық алдындағы ең басты міндеттердің бірі. Мыңдаған адамдар жұмыс табу мақсатында ауылдық аймақтардан үлкен қалаларға қоныс аударуда.
Мемлекеттің бақылауына қарамастан, ішкі және сыртқы еңбек мигранттары адам саудасының құрбаны болып қалуда. Көрші елдердегі саяси ахуал, тұрғылықты жердегі жұмыспен қамту мүмкіндіктерінің шектеулілігі, азаматтардың адам саудасының тәуекелі туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі, арзан жұмыс күшіне артуы мен қылмыстық топтардың белсенді іс-әрекеті секілді көптеген факторлар адам саудасы жүйесіндегі құрбандар санының көбеюіне әсерін тигізіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, адам саудасы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстар арасында қару-жарақ және есірткі саудасымен қатар тұрған негізгі табыс көздерінің бірі болып отыр.
Қазақстанда адам саудасына қарсы күрес саласында қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау жүйесі арасында өзара іс-қимыл жасаудың тетігі жасалады. Біздің еліміздің тіжірбиесі адам саудасымен күресу проблемасын шешуде. Сондықтан, мемлекет осындай қылмыстың алдын алу мен жою мақсатында ұлттық заңнаманы жетілдіру шараларын қабылдауда.
Бүгінде Әділет министрлігі адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу бойынша қабылданатын шараларын өткізуде.
Азаматтарды заңсыз сыртқа шығару, әкелу мен тосқауыл қоюға байланысты ҚР Әділет министрлігінің жанынан ведомствоаралық комиссия құрылып, оның құрамында адам саудасы құрбандарының құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен айналысатын ықпалды халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, мүдделі мемлекеттік органдар кірді.
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу үшін адам саудасымен күресті насихаттап, адамгершіліксіз көріністің жасалуына жол бермеу мен болдырмаудың құқықтық- ақпаратын жүргізу қажет.
Ж.Смағұл,
аудандық Әділет басқармасының
іс жүргізушісі.