2018 жылғы қызмет қорытындысы бағаланды
- Толығырақ
- Жарияланды 16.05.2019 09:48
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1502
16.05.2019ж
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына сәйкес «Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесі» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген.
Бонус – мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем.
Сонымен, Агенттік пен оның аумақтық департаменттерінің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің 2018 жылғы қызметтерін бағалау қорытындысы бойынша бонустар төлемі туралы егжей-тегжейлі айта кетсек, әкімшілік қызметкерге бонус мөлшерін анықтау келесі шаралардан тұрады:
- 1. Мемлекеттік органның бонустық қорын анықтау.
Мемлекеттік органға бонус төлеуге бөлінген қаражатты тиісті ереже бойынша сол мемлекеттік органның бірінші басшысының мемарандумының орындалуымен байланыстырған.
Мысалыға, мемарандум бойынша көрсеткіштер 80 пайызға орындалған болса мемлекеттік органға бөлінген қаражаттың 20 пайызы мемлекеттік бюджетке қайтарылады және ол әрбір қызметкерге тиесілі бонус соммасын шегереді.
Агенттік Басшысының мемарандумдағы көрсеткіштері толық орындалуына байланысты бонусқа бөлінген қаражат толығымен Агенттік бюджетінде қалды.
- 2. Құрылымдық бөлімшелердің бонустық қорын анықтау.
Ережеге сәйкес есептеуде Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық департаменттері құрылымдық бөлімше ретінде белгіленген.
Құрылымдық бөлімшелердің бонустық қорын анықтау осы бөлімшенің басшысының жеке жұмыс жоспарының орындалуын бағалауға байланысты.
Мұндада, егер бөлімше басшысына бағалау тиімді деп белгіленсе, яғни 80 пайыз болса, осы бөлімшенің 20 пайыз бонус қоры ережедегі формулаларға сәйкес басқа бөлімшелерге таратылады.
Ал егер 100 пайыз толығымен орындалса бөлімшеде бонус қоры өз қызметкерлеріне таратуға қалады.
- 3. Мемлекеттік қызметкердің бонусын анықтау.
Қызметкердің тиесілі бонусын анықтау біріншіден арнайы құрылған комиссиямен оның жеке жұмыс жоспарының орындалуына бағалау жүргізіледі.
Сонымен, ережедегі формулаға сәйкес бағаланған пайыз қызметкердің нақты атқарған жұмыс күндерінің санына көбейтіледі.
Мұнда, есепті кезеңде еңбек сіңген нақты жұмыс күндерінің санына қосымша:
1) жыл сайынғы кезекті ақы төленетін демалыста болу уақыты;
2) қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында болған кезеңі;
3) іссапарда болған кезеңі;
4) мемлекеттік әкімшілік қызметші еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, бірақ есепті кезеңдегі күнтізбелік 20 күннен аспайтын нақты жұмыс істемеген уақыт;
5) жалақысы сақталмайтын демалыста болу, бірақ есепті кезеңдегі күнтізбелік 5 күннен аспайтын уақыт кіреді.
Сонымен қатар, егер "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі есепті кезеңнің бір бөлігінде пилоттық органның бір лауазымында, ал осы есепті кезеңнің басқа бөлігінде осы немесе басқа пилоттық органның не өзге мемлекеттік органның басқа лауазымында жұмыс істесе, онда бонус мөлшері осы лауазымда нақты еңбегі сіңген уақыты ескеріле отырып, пилоттық органның әрбір лауазымында есептелген бонустарының сомасыда анықталып төленетін болады.
Осындай есеп қорытындысы бойынша Агенттікте жалпы орта есеппен алғанда әкімшілік қызметкерлерге соммасы 1 және 1,5 млн.теңге мөлшерінде бонус төленді.
Ол өз кезегінде, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып, қызметкерлердің өз жұмысында міндетін адал атқаруға бірден бір себебін тигізері анық.
Қазақстан Республикасы мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Аппарат басшысы Саян Қылышұлы Ахметжанов.