ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КӨЗДЕЙДІ
- Толығырақ
- Жарияланды 31.05.2019 04:49
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1916
31.05.2019ж
Қандай да бір терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар таратқан азаматтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 273 бабы бойынша қылмыстық іс болып табылып, жазаға тартылатынын ескертеміз.
Осы заң бойынша жалған ақпарат бергендерге 5-6 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 12 миллион 600 мың теңгеге дейін айыппұл салу жазасы тағайындалған.
Елімізде көптеген азаматтар заң тұрғысының сауатсыздығынан теріс іс-әрекеттер жасап, өзіне ғана емес жалпы өзі өмір сүріп отырған қоғамға да зиянын тигізіп жатады. Соның бірі ретінде терроризм актісі туралы жалған хабарларды таратуды айтуға болады. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған берілген ақпараттан кейін атқарылатын қауіпсіздік шаралары бойынша ішкі істер бөліміне, төтенше жағдайлар бөліміне, жедел құтқару қызметіне т.б едәуір материалдық шығындар келтіреді.
Жоғарыда аталған фактілерді болдырмау үшін елімізде жалған террорзммен күрестің тиімді жолы – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары көптеп жүргізілуде. Мәселен, террористік тұрғыда осал объектілерді тексеру барысында мекемелердің басшыларына және қызметкерлеріне оқыту іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.
Қазіргі таңда жоғары технологиялық қауіпсіздік жүйелеріне сәйкес , терроризм актісі туралы жалған хабар берген азаматтың орналасқан жерін анықтау қиын емес. Осыған орай, сала мамандары «террорист болып ойнамас» бұрын, алдымен нақты шығындар мен зиянға әкеп соғуы мүмкін көрінеу жалған хабарлама кімге «пайдалы» болатындығы жайлы ойлануы қажет. Егер Сіз осылай «әзілдеуге» тырыссаңыз, телефонды алмас бұрын ойланғаныңыз жөн болар.
(ӨЗ ТІЛШІМІЗ).