Өзекті мәселелер қаралды
- Толығырақ
- Жарияланды 28.06.2019 08:35
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1620
28.06.2019ж
Панфилов ауданы әкімдігінің қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативті-кеңесші органның отырысын комиссия төрайымы, аудан әкімінің орынбасары Роза Мағрупова ашып жүргізіп отырды.
Отырысқа аудандық құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қала және ауылдық округтердің әкімдері қатысты. 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткен комиссияның кезекті отырысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Жақыбай хабарлама жасады.
«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» аудан әкімінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 17, «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №18 қаулысының орындалуы барысына ерекше тоқталған Роза Азаматқызы аталған тапсырмаларды орындауды қала және ауылдық округ әкімдерінің жұмыстарын жеткілікті дәрежеде атқармай отырғандығын сынға алып, аталған санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту мен өзге де профилактикалық шараларды құқық қорғау органдары, дене шынықтыру және спорт бөлімі мекемелерімен тығыз ынтымақтастықта атқару керектігін түсіндіре отырып, квота бойынша жұмысқа нақты орналастыру бойынша қала және ауылдық округтердің әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
Аталған өзекті мәселелерді қамтыған тиісті қаулы қабылданды.
Панфилов ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб отырысын оның төрайымы Роза Мағрупова ашып жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі «Аудан көлемінде нашақорлықтың алдын алуға және күресуге бағытталған салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру, спортпен айналысу жұмыстары туралы» мәселе бойынша аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Қонашов хабарлама жасады.
Комиссия отырысында Роза Азаматқызы аталған бағыттағы жұмыстарды жүргізудегі лауазымды тұлғалардың тарапынан орын алған кемшіліктерді атап көрсетіп, жұмыстарды жандандыру керектігін айтып, лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.