«Лидер.кз» еріктілер тобы үлкен істер атқаруда

22.07.2019ж

Алматы облысында «Лидер.кз» еріктілер тобы құрылған болатын. Екі жыл уақыт ішінде өздерінің ерліктерін еш жерде жария қылмай, көмекке мұқтаж жандарға кез келген уақытта қол ұшын созып жатады.

 

    Атқарылған жұмыстары елеусіз қалмай, халыққа үлгі ету мақсатында белгілі журналист Алия Ахмедиева мен блогер әрі журналист Сандуғаш Дүйсенованың идеясымен еріктілер тобын марапаттау рәсімі өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    «Қазіргі таңда біздің еріктілер үлкен жұмыс атқаруда. «Лидер.кз» бірлестігінде 160-тан астам еріктілер бар. Алайда бірлестікте екі жылдан астам уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарды ақылдаса отырып іріктеп алдық. Бұл шараның бастамасы. Жұмысын жандандырып, белсенділік танытатын әр ерікті елеусіз қалмайды. Және осы бірлестікке мүшелік еткісі келетін азаматтарды қатарға қосылуға шақырамыз»,-деді  марапаттау рәсімінің ұйымдастырушысы Сандуғаш Дүйсенова.

    Айта кету керек, марапаттау рәсімі 19 шілде күні, кешкі сағат 20:00-де Талдықорған қаласы, «Жастар» демалыс саябағының амфитеатр алаңында өтеді.

 

 

Күнтізбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 640321