Азаматтық орталық бір жыл атқарған жұмысын қортындылады

  29.08.2019ж

Үкіметтік Емес Ұйымдарға "Бір терезе" қағидаты бойынша ақпараттық кеңес беріп, ұйымдық қолдау көрсету нәтижесін берді. Азаматтық орталық өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында бір жыл атқарған жұмысын қортындылады. 

 

               Үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық қатынастарды реттеуші болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдар мемлекет пен азаматтар арасындағы делдал ретінде әрекет ете отырып, әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеріп, мемлекетке өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге ұмтылады

              Альянс сарапшыларының айтуынша, орталықта әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 20 әлеуметтік жоба қорғалған. Оларға арнайы гранттар бөлінді. Аясында Алакөл мен Қаратал ауданында жүн өңдеу цехы жұмысын бастады. Ал, Кербұлақ пен Ескелді ауданында жұмыссыз әйелдер үйде қарап отырмайтын болды.

              Айта кетейік, бүгінде облыста үкіметтік емес 900 ұйым табысты жұмыс істейді. Өткен жылдан бері олардың саны 200-ге артқан.

             Бұл консалтинг орталық ашылғалы 3-ші жыл әлеуметтік идеялармен  жоба  жәрмеңкесі өткізіледі. Әрбір жеңімпазға 1 миллион теңге көлемінде қаражат бөлеміз.  Бұл шара облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өтеді. Әрбір жеңімпаз қаражатты бизнес ашуға жұмсайды. Бірі шаштараз ашса, енді бірі жылы-жай ашып жатыр. Ал, енді бірі ұлттық құндылықтарды дамыту үшін, қолөнер шеберханаларын ашуда.  Жалпы ұйым қоғамдық бірлестік ашқысы келетін немесе бірлестіктері бар, бірақ, ары қарай жұмыстары дамымай қалған адамдарға қолдау көрсететін консультациялық кеңестер береді,-дейді "Алматы облысының азаматтық альянсы" зтб pr-менеджері Назерке Сейсенбаева.

 

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4131237