Құқық мәселесі - басты назарда

04.10.2019ж

Аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылыққа қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы өтіп, оны аудан әкімі Талғат Өмірәлиев ашып жүргізіп отырды.

     Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша құқық бұзушылыққа қарсы күрес комиссиясының және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметі туралы баяндамалары тыңдалды.  

    Баяндамаларда аудан аумағында болған қатерлі өрт қауіпсіздігін сақтау, оның зардаптарын жою, етек алып бара жатқан мал ұрлығы, басқа да ұсақ-түйек ұрлықтар жөнінде, жастардың төбелесі жайында,  сондай-ақ қала мен ауылдық жерлерде алкаголді ішімдіктер сату жайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың түнгі мезгілдерде тойханаларда даяшы болып жұмыс жасайтындығы әңгіме өзегіне айналды. Тойхана иелеріне оқушылардың түнгі мезгілде тойханаларға баруларына шектеу қою ескертілді.    

   Түнгі мезгілде оқушылардың саябақтар мен тойханаларға көптеп баруына байланысты арнайы рейд құрылып, қадағалау керек екені айтылып, аудан  әкімі нақты тапсырмалар  берді.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4800084