Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша

18.10.2019ж

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болады.

Яғни, ешмемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды.

Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекен жайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGovmobile қосымшасындағы жекекабинеті арқылы тексере алады.

Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметт іішкі істер министрлігінің деректер базасы менинтеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.

Сонымен бірге, азаматтардың мекенжай тіркеуі туралы ақпаратты сұратуы мүмкін басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл тек азамат бір рет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-ке келісім бергенде ғана жүзеге асатын операция.

Мұндай SMS алуүшіназамат "Мобильдіазаматтар" базасындатіркелуітиіс. Тіркеудіәразаматөзіжүргізеалады (egov.kz  порталындағы  "Жеке кабинетке" кіріп, "телефон" бағанында өзтелефонының нөмірін көрсету немесе өзгерту қажет және оны  өзінің ЭЦҚ-мен   растауыкерек) немесе ХҚКО-ның кез келген бөлімшесіне жүгінсе болады (қызмет  тегін  көрсетіледі және 5 минут уақытыңыздыалады).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы сараптама жүргізіп, қазақстандықтардың жыл сайын әртүрлі ұйымдарға ұсынуүшін 20 миллионнан астам анықтаманы басып шығаратынын анықтады, олардың жартысына жуығы – мекенжай анықтамалары. Мекенжай анықтамалары негізінен жұмысқа орналасу, балаларды мектеп пен балабақшаға тіркеу, банк қызметтерін алу кезінде, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін сұратылған. Осылайша, мекенжайанықтамаларының күші жойылған кезде азаматтардың ХҚО-ға келу саны 10 миллион есе азаяды.

 

Күнтізбе

« Ақпан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 843191