Ұйғыр ауданыңда атқарылған қарымды істер көп

01.11.20119ж

Бұл туралы Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахуновтың «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихаты барысында мәлімдеді.

Аудандағы басты сала – ауылшаруашылығы. Аграрлық секторда 9 айда 18 млрд. 034 млн теңгелік жалпы ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, 2018 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда нақты индекс көлемі 101,4 пайызға орындалды (2018ж-15318,0 млн. теңге болған).

Ауданда2267 гамасақты дақылдар жиналып, 5292 т өнім алынды,300 гакүнбағыс себіліп 390 т,205 габақшадан 3430 т,338 гакартоптан 7600 т,1092 гакөкөністен 30500 т өнім жиналса,11750 гажүгерінің 07 қазанға5914 гажиналып (50,3%)  39747 тонна өнім алынды. Бүгінгі күнде жүгері жинау жұмыстары қызу жүргізілуде. 2020 жылдың өніміне күздік бидай себу жұмыстары басталды. Аудан бойынша10,4 га5 заманауи өнеркәсіптік жылыжай жұмыс жасап, олардан 6 айда 1200 тонна дан астам бірінші өнімі алынды. Оның ішінде 500 тонна қызанақ  Ресей Федерациясына экспортталды.

Сондай-ақ, өңірде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы да қарқынды. Былтыр осы бағытта 7 жоба іске асса, биыл 158 жаңа жобаны іске асыру жоспарлануда. Өңірде туризм, денсаулықты сауықтыру мақсатындағы демалыс орындарының жұмыс көлемі жылдан-жылға ұлғайтылып келеді. Туризмді одан әрі дамыту үшін Шарын шатқалын, Ерен тоғайы мен ыстық су көздерін және тау аймағын бір-бірімен байланыстыру керек. Мұндай үлкен жұмысты «Эко Парк Тур» ЖШС қолға алуда. Ауданды көгілдір отынмен қамтамасыз етуде де жұмыстар жүргізілуде. «Азия газ Шонжы» ЖШС арқылы бүгінгі таңда 206 шақырым газ желісі тартылып Шонжы ауылының 4500 тұрғын үйді қамтамасыз етуге дайындалып жатыр. Бүгінгі күнде 270 үй табиғи газбен қамтамасыз етілді.

Қырғызсай ауылдық округі, «Горный» лагеріне апаратын жолына, Долайты ауылының 4,6 шақырымына, Тасқарасу ауылының 6,2 шақырымына, Ширин ауылының 4,3 шақырымына, Үлкен Дихан ауылының 4,0 шақырымына, Добын ауылының 2,5 шақырымына, Ардолайты ауылының      3,0 шақырымына,  Қырғызсай ауылының 5,5 шақырымына, Кепебулақ ауылының 3,8 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстарына 10,2 млн. теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді. Шарын шатқалына баратын жолын паспорттауға 2,2 млн теңге қаражат бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 680291